{metadescription}
Алматыға төте жол: Кей жерлер бақылаусыз тұр
Алматыға төте жол: Кей жерлер бақылаусыз тұр

Алматыға төте жол: Кей жерлер бақылаусыз тұр

Алматының айналасында назардан тыс қалған өткелдер бар. Карантинге қарамастан осындай жалғыз аяқ жолдардан жұрт арлы-берлі жаяу өтіп жүр. Саңылау тауып, емін-еркін қалаға кіретін қарашаны тоқтатуға полиция қауқарсыз. Тиісінше, блок-бекеттерден заңсыз айналып өтетіндер де азаяр емес. Тілшіміз облыс пен қала арасын жалғайтын төте жолды тауып, кей жерлердің бақылаусыз тұрғанына көз жеткізіп қайтты.

Алматының кіреберісінде тұрған блок-бекеттерде әдеттегідей тәртіп қатал. Полиция мен Қлттық ұлан сарбаздары тауар тиеген жүк көліктерін ғана еш кедергісіз кіргізуде. Қалғандарын қалаға аттап бастырмайды. Ал әуежай маңындағы өткелдегі көрініс көңіліңе еріксіз күдік ұялатады.

Облыс аумағына кіретін Гүлдала ауылы. Кез келген адам бұл жолмен екі шақырымдай жүріп өтсе, карантинге жабылған қалаға емін-еркін кіре алады. Өйткені бұл аумақты бақылап тұрған бірде-бір тәртіп сақшысы жоқ. Осыған дейін полиция Алматының айналасына қосымша 82 шағын бекет қойып, шаһарға «ешкім кіріп-шыға алмайды» деп мәлімдеген еді. Алайда қала сыртында назардан тыс қалған осындай төте жолдар бар екеніне бүгін көз жеткіздік. 

Гүлдала мен қалаға кіретін Колхозшы ауылдарының арасын жалғаған жазық жолмен  өзіміз де арлы-берлі өтіп көрдік. Бізді тоқтатқан тірі жан табылмады. «Болар іс болып, бояуы сіңгенде» ғана учаскелік полицей төбе көрсетті. Әйтсе де, ол жаяу жүргіншілерді қадағалауға қауқарсыз екенін мойындайды. Соңғы бір тәуліктегі статистика да сүреңсіз. Мәселен, облыста карантин тәртібіне бағынбаған 12 адам ұсталған.

Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы облысы ПД ресми өкілі:

- Ұсталған азаматтардың барлығы ҚР әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 476 бабына сәйкес әкішілік жауапкершілікке тартылады. Олардың көпшілігі Іле ауданы мен Қарасай ауданындағы блок-бекеттерде ұсталды. Қазір күдіктілер 5-8 тәулікке дейін қамауға алынды. 

Ал қалада полициядан айласын асырғысы келген тағы 39 адам қолға түскен. Қулығына құрық бойламайтындар күннен күнге көбейіп барады. Түсірілім тобымыз бір ғана өткелдің қараусыз қалғанын көрді. Одан басқа бақылауға алынбаған қуыс көшелер мен аула арқылы өтетін жерлер көп болуы мүмкін.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде