{metadescription}
«Бала дауысы» – онлайн! Байқауға үйде отырып қатысуға болады
«Бала дауысы» – онлайн! Байқауға үйде отырып қатысуға болады

«Бала дауысы» – онлайн! Байқауға үйде отырып қатысуға болады

Байқау басталды! Жасөспірімдер арасында өтетін жыл сайынғы додаға іріктеу биыл онлайн түрінде жүргізіледі. Енді әр үміткер ән байқауына облыс орталығына сабылмай-ақ, өз үйінде отырып қатыса алады. Ол үшін жобаның арнайы сайтына сауалнама толтырып, жанды дауыспен ән айтқан видеосын жіберсе жеткілікті. Әлеуметтік жобаға Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қоры, Мәдениет және спорт министрлігі мен Тұңғыш президент қоры мұрындық болып отыр.

«Бала дауысы - 2020» балалар ұлттық ән байқауы биыл бесінші рет өткізілмек. Бұл жолы онлайн түрде. Яғни жобаға қатысуға ниет білдірген 8-12 жас аралығындағы балалар кез келген тілде, қалаған жанрда 2 немесе 3 ән үзіндісін фонограммасыз орындауы қажет. Ал уақытын үш минуттан асырмауы тиіс.

Онлайн түрде іріктеу биыл екінші рет жүргізіліп отыр. Алғашқысы 2018 жылы өткізілген. Сондай-ақ, ұйымдастырушылар қазіргі қаладағы карантинге қатысты да ең оңтайлы әдіс осы екенін айтады. Электрондық өтініштер бүгіннен бастап қабылданып жатыр.

Электрондық жүйемен таңдалып алынған 17 үміткер шілде айында Алматыға шақырылып, тәлімгерлерімен танысады. Ақтық сынға дайындықтарын бастайды. Ал жеңімпазға үлкен сый тағайындалған – еліміздің ең таңдаулы музыкалық білім ордасының грантын иеленеді. Сонымен қатар Франциядағы «Диснейленд» ойын-сауық орталығына жолдама алады.

Жасөспірімдер арасындағы жарысқа іріктеу 25 сәуірге дейін жалғасады. Егер талантыңызды төрткүл дүниеге танытып, жұлдызыңның жанғанын қаласаңыз, байқауға қатысып, бақ сынаңыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.