{metadescription}
Қиындыққа тап болғандардың саны артып барады – әлеуметтік көмек бар аймаққа көрсетілуде
Қиындыққа тап болғандардың саны артып барады – әлеуметтік көмек бар аймаққа көрсетілуде

Қиындыққа тап болғандардың саны артып барады – әлеуметтік көмек бар аймаққа көрсетілуде

Елімізде қысылтаяң кезде қиындыққа душар болғандардың көмек сұрауы көбейген. Қазір алты өңірде іске қосылған қауырт желіде маза жоқ. Бұқара азық-түлік, киім-кешек, медициналық заттарға мұқтаж. Сенім телефонын қайырымдылық жасауға ұмтылғандар да тиімді пайдалануда. Ал төтенше жағдайда сенім телефонының бас-қасында волонтерлер жүр. Жағдайы төмен отбасылар, қарттар, мүгедектерге қажеттіні жеткізу де еріктілердің мойнында.

Бұл күндері елордалық еріктілердің жұмысы қауырт. Қоғамның әлжуаз топтарына азық-түлік тасып шауып жүр. Қиын жағдайға тап болған жандарға киім-кешек те үлестіріп үлгеруде. «Індет әлеуметтің әлеуетіне кері әсерін тигізіп жатыр», - дейді олар.

Лаура Сисенбаева, «Нұр-Сұлтанға жақсылық» тобының волонтері:

- Адамдар қазір қиын жағдайда. Көбі жұмыстан шығып кеткен. Көбі жұмыс істей алмайды. Табыс жоқ, сондықтан жағдай қиындау. Бұл отбасылардың саны күннен-күнге өсіп барады. Бұл бірінші, екінші апта ғана. Айдың соңына дейін жағдай жақсарса екен деген ниетіміз бар.

Мәртгүл Алтынашқа еріктілердің жасаған жақсылығы көп. Жыл сайын суға кететін Қоянды ауылындағы баспанасына биыл да тілсіз жаудың кесірі тиген. Дүние-мүлкі малмаңдай су болған отбасы түксіз қалыпты. Волонтерлер  жалғызбасты анаға пәтер жалдап берген. Алты бала жылы үйде еріктілер әкелген киімді киіп мәз.

Мәртгүл Алтынаш, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Менің алты балам бар. Бір балам – мүгедек. Эпилепсия ауруымен ауырады. Үйіміз суға кетті. Киімсіз шығып кеттік бәріміз. Үйіміз көктемде жыл сайын суға кетеді, үш жыл алысып келеміз. Бірінші рет осындай көмек алып отырмын. Осындай жағдайымды жасап отырғандарыңызға рақмет.

Қазақстандық еріктілер азық-түлік, киім тасудан бөлек, медициналық бетперделер де тігіп жүр. Өздері де киіп, өзгелерге де таратуда. Бетперде қауіпті аймақта қалған қарттар, зейнеткерлер, көпбалалы және аз қамтылған отбасылар, мүгедектер мен балаларға аса қажет.

Егер қандай да бір көмекке зәру болсаңыз, елдің алты өңірінде: Нұр-Сұлтан, Алматы, Көкшетау, Щучинск, Степногорск және Талдықорғандағы сенім телефонына хабарласуға болады. Ал оның нөмірі ұлттық волонтерлер желісінің сайтында көрсетілген – qazvolunteer.kz

Сенім телефонына шын мұқтаждарға қол ұшын созғысы келетіндер де қоңырау шала алады. Бүгінде олардың қатары артып келеді.  

Вера Ким, Ұлттық волонтерлер желісінің төрайымы:

Бүгінде ірі, шағын және орта бизнес өкілдері арасында шынымен жақсылық жасағысы келетіндер баршылық. Біреулер қап-қап азық-түлік, көкөніс әкеліп жатыр, біреулер көлікпен қамтамасыз етуде. Кез келген медициналық көмек көрсетуге дайын бірнеше дәріхана да бар. Біздің күні-түні жұмыс істеп жүрген еріктілерімізге түскі ас дайындап, тамақтандырып жүрген қамқор жандар да жетерлік.

Ұлттық волонтерлер желісінің Қазақстанның әр түкпірінде 37 бөлімшесі бар. Әлеуметтік көмек тек елорда ғана емес, елдің барлық аймағында, сондай-ақ, оқшауланған Алматыда да көрсетіліп жатыр.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.