{metadescription}
Шыда, бауырым! Есіл жағалауында мұқтаж жандарға азық-түлік толы дорбалар ілінді  
Шыда, бауырым! Есіл жағалауында мұқтаж жандарға азық-түлік толы дорбалар ілінді  

Шыда, бауырым! Есіл жағалауында мұқтаж жандарға азық-түлік толы дорбалар ілінді  

Нұр-Сұлтан қаласында белсенділер Есіл өзені жағалауында мұқтаж жандар үшін азық-түлік толы дорбаларды іліп қалдырып жатыр. «Шыда, бауырым» атты акция аясында әркім өз мүмкіндігінше жағдайы мүшкіл азаматтарға көмек қолын созған.

Есіл өзені жағалауындағы шарбақтарға ілулі тұрған азық-түліктер туралы ақпарат әлеуметтік желілерде тараған болатын. Әр дорбада ең қажетті деген тағам түрлері бар. Әрі «Шыда, бауырым!» деген жазба да мұқтаж жандардың жігерін жаныса керек. Белсенділердің сын сағатта азаматтарды бір-біріне көмектесуге шақырғаны байқалады.

Руслан Жүсіпов, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Негізі адамдар тойынғаннан талай тамақты лақтырып тастап жатады. Мүмкіндігің болса, осылайша көмектескеннің қайыры болады. Меніңше, қазіргі уақытта өте қажетті шара.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.