{metadescription}
Ақысыз демалысқа жіберілген жұмысшы төменгі айлықпен қамтылуы тиіс  
Ақысыз демалысқа жіберілген жұмысшы төменгі айлықпен қамтылуы тиіс  

Ақысыз демалысқа жіберілген жұмысшы төменгі айлықпен қамтылуы тиіс  

Нұр-Сұлтанда мейрамхана қызметкерлері ақпан айынан бері жалақы ала алмай жүр. Карантинге байланысты ондағы аспаз, даяшы және өзге де жұмысшылар ақысыз демалысқа жіберілген. Мейрамхана басшылығы енді жалақыны күнде «ертең төлейміз» деумен жүр.

Айгерім Шаяхметова, мейрамхана жұмысшысы:

- Жұмысшыларды адам құрлы көрмейді, біріншіден. Сосын, директордан айлық қашан аламыз десек, жауап беруге қиналады. Мысалы, мен жалғыз басты анамын. Бір ұлымды асырауым керек. Маған 15 күнге 100 мың теңге – ол ақша. Бұл жақтағылар оны ақша құрлы көрмейді.

Айлықсыз қалған қызметкерлер мейрамханаға басшылықпен сөйлесуге күнде келеді. Бірақ мардымды жауап беретін ешкім жоқ. Әуелде барлығына айлықтарының жартысын төлейміз деп уәде беріпті. Ал еңбек инспекциясынан белгілі болғаны, жұмыс беруші тарап қызметкерлерін арнайы келісім-шартпен ғана ақысыз демалысқа жіберуі тиіс. Яғни мүлдем нәпақасыз қалдырмауы керек. Егер бұл жағдай жуық арада шешілмесе, іс сотқа дейін жетуі мүмкін.

Ерлан Исмағұлов, Нұр-Сұлтан қаласы Қалалық орта сапасы және бақылау басқармасы басшысының орынбасары:

- Төтенше жағдай режимі кезінде қызметкерлер мен жұмыс берушінің арасында арнайы келісім-шарт жасалады. Егер басшы жұмысшыларын ақысыз демалысқа жіберуге мәжбүр болса, оларды ең төменгі айлықпен қамтамасыз етуі тиіс.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде