{metadescription}
Жұмбақ өлім: Әйелі биіктен құлап өлсе, күйеуін біреулер пышақтап кеткен
Жұмбақ өлім: Әйелі биіктен құлап өлсе, күйеуін біреулер пышақтап кеткен

Жұмбақ өлім: Әйелі биіктен құлап өлсе, күйеуін біреулер пышақтап кеткен

Жұмбағы көп қос өлім! Павлодарда ерлі-зайыптылардың қазасына қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Алдымен 24 жастағы психолог Лилия Мельник биіктен құлап мерт болады. Артынша оның 30 жастағы күйеуін белгісіз біреулер үйінің кіреберісінде пышақтап кеткен. Осылайша жас отбасының шаңырағы ортасына түсті. Марқұмның жақындары бұл өлімге кімді кінәларын білмей отыр.

Мельниктер әулеті қара жамылғалы біраз уақыт өтті. Алдымен қапыда 24 жастағы қызы Лилиядан айырылады, артынша 30-дағы күйеу баласы өмірден өтеді. Тергеу барысында күйеу баласы басты күдікті саналған. Себебі, Лилия Мельник көз жұмардың алдында онымен ажырасуды жоспарлапты.

Галина Мельник, марқұмның анасы:

Қызым: «Жақын күндері ажырасуға өтініш беремін» деп жүрген. Бірақ, үлгермеді. Олар күйеуі екеуіне ортақ мүлікті сатып, ақшасын теңдей бөлмек еді. Оның ішінде 2 қымбат автокөлік бар, біреуінің құны 5 млн теңге.

Лилияның мамандығы - мектеп психологы. Полицейлердің болжамынша, ол жоғары қабаттан құлап мерт болған. Марқұмның анасы бұған мүлдем сенбейді. Ал Лилияның қазасынан көп уақыт өтпей, оның күйеуін де пышақтап кеткен. 63 жастағы Галина Мельниктің қос бірдей қазаға қатысты сұрағы көп. Бірақ полицейлер әзірге тергеу құпиясы деп, ашып ештеңе айтпай отыр.

Жанна Біләлова, Павлодар облысы ПД баспасөз хатшысы:

24 жастағы қыздың өліміне қатысты Қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде. Ал оның күйеуінің қазасына байланысты аталған кодекстің 99 бабы бойынша тергеу амалдары басталды.

Соңғы кезде зейнеткерден маза қашқан. Әзірге тергеушілер күйеу баласы мен қызының өліміне қатысты күдіктілерді құпия ұстап отыр. «Мезгілсіз қос өлім кездейсоқтық емес, бастысы соған қатысты жұмбақтың жауабы табылса», - дейді зейнеткер.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде