{metadescription}
Жыл бойы тәркіленген алкогольдік ішімдіктер дәрігерлердің кәдесіне жарады    
Жыл бойы тәркіленген алкогольдік ішімдіктер дәрігерлердің кәдесіне жарады    

Жыл бойы тәркіленген алкогольдік ішімдіктер дәрігерлердің кәдесіне жарады    

Ақтөбе облысында жыл бойы тәркіленген алкольдік ішімдіктер облыстық денсаулық сақтау басқармасына берілді. Экономикалық тергеу департаментіндегілер мұны дәрігерлер вирустан қорғану үшін кәдеге жаратсын деп отыр.

Контрабандалық жолмен шетелден келгені бар немесе елден заңсыз шығармақ болған спирт пен арақ тергеу басқармасының қоймасында жиналып қалыпты. Сот шешімі шыққанымен, 24 мыңнан астам бөтелкеге құйылған спирттік өнімнің көзі жойылмаған. Енді оны төтенше жағдай кезінде аймақтағы медициналық мекеме қызметкерлері тазалық сақтуға  пайдаланады, арақпен қолын шайып, вирусты өлтіреді деген үмітте. Тергеушілердің мұндай сыйына дәрігерлер де дән риза. Өйткені сұраныстың көптігінен антисептикалық тауарлар облыста қат болып отыр.

Артур Хайрутдинов, Ақтөбе облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің басқарма басшысы:

- Алкогольдік өнімдер, яғни сол істер бойынша шешімі шыққан, сот шешімі күшіне енген заттар, айғақ заттар бойынша шешім қабылданып, бұл өнімдер енді төтенше жағдай кезінде қолдануға мүмкіндік беретін антисептикалық зат ретінде пайданалынады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.