{metadescription}
Бейбіт жиындар туралы заңды талқылауға біраз депутат келмей қалды
Бейбіт жиындар туралы заңды талқылауға біраз депутат келмей қалды

Бейбіт жиындар туралы заңды талқылауға біраз депутат келмей қалды

Заңсыз митингке қатысқаны үшін жаза күшеймек. Мәжіліс бейбіт жиындар туралы заңды бірінші оқылымда мақұлдады. Бірақ заңды талқылауға біраз депутат келмей қалды. Коронавирус қаупіне байланысты 65 жастан асқандары үйінде қалуға мәжбүр болған.

Нұрлан Нығматулин, Мәжіліс спикері:

Кей әріптестеріміз бүгінгі отырысымызға қатыспайды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысына сай, жасы 65-тен асқан әріптестерімізді пленарлық отырыстарға қатыспауға шақырдық. Соған байланысты араларыңызды да алшақ орналастырдық. Бизнес-класста отырғандай болайық.

Депутаттардың араларын алшақ орналастыру да ДДҰ-ның ұсынысына байланысты. Ал талқыланған заңға келсек, енді бейбіт жиын ұйымдастырушылар жергілікті билікке қанша адам қатысатынын айтып, алдын ала хабардар етуі керек. Соған байланысты әкімдік те, ұйымдастырушылар да шараның талапқа сай өтуіне жауапты болады. Сонымен бірге, білгіленген орыннан бөлек, шараны өткізу үшін қосымша орын дайын тұруы керек. Ал әкімдік өз уақытында тиісті жауап қайтармаса, ол келісілген жиын болып есептеледі. Ал рұқсат етілмеген жағдайда заңсыз жиын өткізетіндерге жаза қатаңдатылмақ.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Мен өз сөзімде айтып кеткендей, біз митингтерді, жиналыстарды өткізу мәдениетін қалыптастыруымыз керек. Сондықтан бұл заңда бүкіл адамдардың өз құқығы жиналыс өткізуге бәрі қарастырылған. Бүкіл мүмкіндікті береміз. Бұл жерде заңсыз шығып жатқан митингтерге талаптарды күшейтуді біз қолдаймыз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде