{metadescription}
Коронавирус: Ресей әуе қатынасын тоқтатты. Өзбекстан, Қырғызстан  және әлемдегі ахуал
Коронавирус: Ресей әуе қатынасын тоқтатты. Өзбекстан, Қырғызстан  және әлемдегі ахуал

Коронавирус: Ресей әуе қатынасын тоқтатты. Өзбекстан, Қырғызстан  және әлемдегі ахуал

Коронавирустың таралу қарқыны күшейгендіктен, көрші Ресей әуе қатынасын тоқтатып тастады. Халықаралық әуежайлардан шұғыл түрде әуе кемелері кері қайтып жатыр.        

Ұшақтар тек өз азаматтарын елге жеткізу керек болған жағдайда ғана көкке көтерілетін болады. Әуе рейстерін аяқасты тоқтатуға бір күнде 182 адамның ауру жұқтыруы себеп болған. Осылайша коронавирусқа шалдыққандар мұнда санаулы күнде 800-ден асты.

Көрші Өзбекстанда да жағдай мәз емес. Сауд Арабиясына қажылыққа барғандар вирус жұқтырып, науқас саны 65 адамға бір-ақ жеткен.

Қырғызстан азаматтарына кешкі сағат 20:00-ден соң үйден шығуға тыйым салып тастады. Бірақ соған қарамастан тәртіпке бағынбай жатқандар бар. Мәліметтерге қарағанда, коменданттық сағат енгізілген небәрі бір жарым тәулікте 320 адам көшеде беталды жүргені үшін қамауға алынған.

Әлемде коронавирусқа шалдыққандар көбеймесе, азаяр емес. Соңғы мәліметтер бойынша, сырқаттар саны 472 мыңнан асты. Аты жаман ауру Ұлыбританияның патша әулетіне де жетіпті. Ауру белгісі тақ мұрагері Чарльзден табылған. Коронавирусқа шалдыққан ханзада жұбайымен бірге Шотландиядағы сарайында карантинге жабылды.     

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.