{metadescription}
Алматы шекарасынан саңылау іздегендер жауапқа тартылып, қамауға алынады
Алматы шекарасынан саңылау іздегендер жауапқа тартылып, қамауға алынады

Алматы шекарасынан саңылау іздегендер жауапқа тартылып, қамауға алынады

Елімізде карантин басталғалы режимге қатысты ережені бұзған 137 адам жауапқа тартылып, 89-ы қамауға алынған. Қолға түскендердің көбі блок-бекеттерден заңсыз айналып өтпек болыпты. Полиция қала шекарасынан саңылау іздеген тұрғындарды сын сағатында тәртіпке бағынуға шақырады.

Мерекеден кейін Алматының айналасына қойылған блок-бекеттерге келетін адамдардың саны көбейген. Бергі бетке өтуден үмітін үзбегендердің басым көпшілігі жұмысты себеп ететін көрінеді. Бірақ полиция рұқсат қағазы бар азаматтарды ғана арлы-берлі өткізуде. Олардың санатына жарық, су, жолға жауапты мекеме мен медицина қызметкерлері жатады. Тіпті облыста тұратын 500-ден астам тәртіп сақшысын сақтық үшін қаладағы жатақхана, хостел мен әскери казармаға орналастырылыпты. Шаһарға кіріп-шығатын жерлердегі бақылау күн сайын күшейтіліп жатыр. Қуыс көшелер мен аула арқылы өтетін өткелдерді Ұлттық ұлан сарбаздары күні-түні күзетуде.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- Блок-бекеттерде 1000-ға жуық полиция қызметкерлері, 400-ге жуық Қорғаныс министрлігінің әскерлері жұмылдырылды. Қосымша күштердің қажеттілігіне байланысты бізде қосымша қызметкерлердің тізімі бар. Байқап қарасаң, таудың түбімен, өзеннің бойымен өтіп жатады. Сол азаматтардың қауіпсіздігі үшін жасалған шаралар. Бірақ оны кейбір азаматтар өкінішке қарай, түсінбейді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде