{metadescription}
Көшеде жүру уақыты. Әлеуметтік төлем. Ақысыз демалыс төлемі. Балабақша жұмысы
Көшеде жүру уақыты. Әлеуметтік төлем. Ақысыз демалыс төлемі. Балабақша жұмысы

Көшеде жүру уақыты. Әлеуметтік төлем. Ақысыз демалыс төлемі. Балабақша жұмысы

Төтенше жағдай режиміне байланысты, азаматтардың көшеде жүру уақыты шектелуі мүмкін. Бұл тыйымды қазіргі уақытта мемлекеттік комиссия қарастырып жатыр. Өйткені коронавирустың таралу қарқыны тым қатты. Қазірдің өзінде 109 адамнан осы ауру белгілері анықталған. Ал бұл сан сағат санап өсуде. Вирус қаупі өршіп тұрған шақта қалтасын қампайтып алмақ болған пысықайлардың да қатары көбейіпті. Елдегі тапшылықты пайдаланып, миллиондаған медициналық бетпердені өз бағасынан әлденеше асырып сатқан.

Жұмыртқадан жүн қырыққандар төтенше жағдай кезінде телегей-теңіз табысқа төте жол тапқан. Қазіргі уақытта қат болып жатқан бетперделер мен залалсыздандырғыштарды заңсыз саудалапты. Мәселен, ел бойынша 4 миллион бетперде, 13 мың литр антисептик тәркіленді. Елордада және Ақтөбе облысында 40 адам жауапқа тартылған. Сын сағатында сауда саласында ғана емес, тәртіпті де бұзып жатқандар жетіп артылады. 

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Қарағандыда карантинде жатқан бұрынғы әйеліне аурухананың терезесінен өтіп кетпек болған ер адам ұсталды. Ол 10 тәулікке қамалып отыр. Бұрынғы әйеліне неге барғысы келгенін түсіне алмадық.  

Ал қауіпті вирустан секем алған ата-аналар балдырғандарын балабақшаға апару, не апармауды өздері шешеді. Әрі бала үйде қалса, балабақшадағы орны сақталады.

Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

- Қазіргі уақытта штаттық режимде жұмыс жасайтын балабақшаларға тек 67 мың бала келуде. Бұл көрсеткіш 11 пайызды құрайды. Бұл жерде білім басқармаларының басшыларына айтарымыз: жалпы балабақшаларда мүмкіндігінше аз балалар жиналған кезекші группалар жұмыс жасағанын қамтамасыз ету қажет.

Төтенше жағдай режиміне байланысты, азаматтардың көшеде жүру уақыты шектелуі мүмкін. Бұл мәселені мемлекеттік комиссия қарастырып жатыр. Қазіргі уақытта елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны 109-ға жеткен. Нұр-Сұлтанда – 61, Алматыда – 40, Қарағандыда – 2, Шымкентте – 2, Алматы облысында – 1, Ақтөбе облысында – 1, Жамбыл облысында – 1 және Солтүстік Қазақстан облысында – 1 дерек тіркелген. Бұған дейін 2 азаматтың қауіпті вирустан емделгені жайында айтылған еді.

Төтенше жағдай режимі кезінде елімізде 1,5 миллион адам әлеуметтік төлемдермен қамтамасыз етіледі. Әрі бұл төлемдердің екі түрі бар. Әуелгісінде ақысыз демалысқа кеткен жұмысшыларға ай сайы 42 мың теңге төленеді. Бұл қызметкерлер шағын және орта бизнес саласынан болуы шарт. Ал әлеуметтік төлемнің екінші түрі бойынша, жұмыссыз қалғандар бір айдан алты айға дейін соңғы жалақасының 40 пайызымен қамтылады. Ол үшін жұмыспен қамту орталығына барып, жұмыссыз ретінде тіркелуі керек.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.