{metadescription}
Төтенше жағдай: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентте шектеу күшейтілді
Төтенше жағдай: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентте шектеу күшейтілді

Төтенше жағдай: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкентте шектеу күшейтілді

Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында шектеу шаралары күшейді. Елорда мен Алматыда енді жұрттың көшеде жүріс-тұрысы шектелетін болса, Шымкентте бір тұрғын үй алабында карантин енгізіледі.

Наурыздың 27-сінен 28-іне қараған түнгі сағат 12:00-ден бастап Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларында карантин режимі күшейтіледі. Яғни, азық-түлік пен дәрі-дәрмекке және жұмысқа баратындардан басқа азаматтардың үйден шығуы шектеледі. Халық көп жиналатын орындар түгел жабылады. Қоғамдық көлік жұмысы да кезең-кезеңмен шектеледі. Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда отбасы мүшелерінен басқа үш адамнан артық топтасып жиналуға тыйым салынады.

Сондай-ақ, кәмелеттік жасқа толмағандар ересек адамсыз сыртта жүруіне тыйым салынған.

Шымкент қаласындағы Абай ауданында «Тәуелсіздікке 20 жыл» тұрғын үй алабында үйді-үйді аралауды ұйымдастырумен 14 күнге созылатын карантин енгізіледі. Шымкенттің әуежайы, теміржол мен автовокзалы, балабақшалардың жұмысы тоқтатылады. Мұнда да халық көп жиналатын жерлер жабылып, қоғамдық тамақтандыру орындарының жұмысы сағат 18.00-ге дейін шектеледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде