{metadescription}
Имбирьдің коронавирусқа қарсы пайдасы бар ма? Маман пікірі
Имбирьдің коронавирусқа қарсы пайдасы бар ма? Маман пікірі

Имбирьдің коронавирусқа қарсы пайдасы бар ма? Маман пікірі

Коронавирусқа қарсы тұрар көкөніс! Бұған имандай сенген алматылықтар қазір жаппай имбирь, сарымсақ пен лимонды жапа-тармағай алып жатыр. Сұраныстың күрт өсуі саудагерлердің бағаны көтеруіне әкелді. Әдеттегі құнынан 3-4 есеге қымбаттап кеткен. Атышулы дерттің алдын алуда бұл көкөністердің пайдасы зор деген тұжырым қаншалықты рас? Мамандардың пікірін тілшіміз тыңдап қайтты.

Имбирьдің игілін естіген ел көп жерде бұл көкөністің түгін қалдырмай талап алып кеткен. «Коронавирусқа қалқан болады» деген әңгіме көбінің аузында жүр. Саудагерлердің айы оңынан туғандай. Әдетте 1000 теңгеден аспайтын көкөністің орташа құны 3 жарым мың теңгеге бір-ақ көтерілген.

Бірінші кезде ме, 1200-ден болған. Қазір – 3500.

Лимонның бағасы қаншадан?

- Лимонның бағасы мың теңгеден болған. Қазір 3000-ға көтеріліп кетті.

Имбирьмен сөреде иін тірескен лимонның да дәл қазір дәурені жүріп тұр. Көтерме сауда базарындағылардың ойына келген бағаны қоюы қаладағы саудагерлердің де амалсыз құнды көтеріп, сүйкімсіз көрінуіне себеп болған. Имбир мен лимоннан бөлек, сарымсаққа да сұраныс көп. Эпидемиолог Сәкен Әміреев бұл көкөністерге қатысты аңыз бен ақиқаттың ара жігін ажыратты. Айтуынша, індеттің алдында бұлар қауқарсыз.

Сәкен Әміреев, эпидемиолог:

Микробтарға да әсер етеді. Бірақ вирустарға әсер ете алмайды. Бірақ, жалпы иммунитетті жақсы тамақ ішсең де көтереді, жақсы демалсаң да көтеріледі. Ренжімесең де жақсы болады. Сондықтан, осы жағынан қарағанда аздап болса да көмегі бар. Бірақ, ол нақты вирустық инфекцияға көмегі жоқ.

Бұқараны байбаламға салған кеселде мамандар: «Санадағы сенім мықты болуы керек», - дейді. Әркімнің айтқанын желеу етпей, қарапайым сақтық шараларын сақтау індеттен іргені алыс салуға сеп болар. Бұл бірінші кезекте қолды ауық-ауық жуу, әрі үйден беталды шықпай отыру.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде