{metadescription}
Ақтаулық кәсіпкер қайырым жасаймын деп қамауға алынды
Ақтаулық кәсіпкер қайырым жасаймын деп қамауға алынды

Ақтаулық кәсіпкер қайырым жасаймын деп қамауға алынды

Қайырымдылық жасаймын деп қамауға алынды. Ақтаулық кәсіпкер карантинде тұрмысы төмен жандарға азық-түлік таратып, басы бәлеге қалды. Өйткені игі шара жұрттың айғай-шуымен аяқталған.

Тағам таратамын деген кәсіпкердің үндеуіне келген қарашаның қарасы қалың. Халық кезектерін күтпей, азық-түлік үшін бір-бірін жағадан алуға дейін барыпты. Абыр-сабырды көрген бизнесмен адамдарды сабырға шақыруға тырысқан. Бірақ оған ешкім көнбеген көрінеді. Ақыр аяғында бұл жерге полиция келіп, карантинде жұртты жинаған еріктіні жауапқа тартты. Қиын-қыстау кезеңде мүгедек, зейнеткер мен көпбалалы аналарға қарайымдылық жасаймын деген ол - енді бес күнін темір тордың ар жағында өткізетін болады.

Яна Магомедхабибова, кәсіпкердің жұбайы:

- Азық-түлікті біз бөліп, дайындап қойдық. Енді тізім бойынша көмекке мұқтаж жандардың үйлеріне апарып береміз. Менің күйеуім бар болғаны жақсылық жасағысы келді. Қазір ол карантин режимін бұзды деген айыппен қамауда отыр. Біз тым көп адам жиналады деп ойламадық. Жоспарымыз 200 адамды азық-түлікті қамту еді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.