{metadescription}
Сүйінші! Әлеуметтік көмекті Кaspi.kz қосымшасында алуға болады
Сүйінші! Әлеуметтік көмекті Кaspi.kz қосымшасында алуға болады

Сүйінші! Әлеуметтік көмекті Кaspi.kz қосымшасында алуға болады

Төтенше жағдай мен карантин кезінде әлеуметтік төлем шотын ашу үшін қазақстандықтар банктерде кезекке тұруда. Бұл жолы да отандастарымызға Kaspi.kz инновациялық компаниясы көмекке келді. Алдағы жұмадан бастап шотты Kaspi.kz ұялы қосымшасында үйден шықпастан ашуға болады.

Мемлекеттен 42 500 теңге  көмекті алу үшін банкте шотыңыз болуы керек. Сондықтан банктерде ұзын кезек пайда болды. Көпшілік мұның қазіргі кезде қауіпсіз еместігін түсінеді. Алайда шот нөмірі керек, сондықтан адамдар үйінен шығып, банк бөлімшесіне баруға мәжбүр. Бұл жолы да қазақстандықтарға Kaspi.kz жетекші инновациялық компаниясы көмекке келіп, ерекше сервисті іске қосты. Алдағы жұмадан бастап Kaspi Gold шотын үйден шықпастан Kaspi.kz қосымшасында онлайн ашуға болады.

Михаил Ломтадзе, Каspi.kz басшысы:

Біз карантин кезінде қазақстандықтардың әлеуметтік көмекке шот ашу үшін банктердің бөлімшесіне барып жатқанына қатты уайымдадық. Біздің команда рекордтық мерзімде ең заманауи технологияларды қолдана отырып, инновациялық сервисті іске қосты. Біздің сүйікті клиенттерімізге бөлімшеге барып, кезекте тұрудың қажеті жоқ. Енді Kaspi Gold шотын Kaspi.kz қосымшасында үйден шықпастан ашып, әлеуметтік көмекті алу үшін пайдалануға болады.

Айгүл Маханова, Каspi.kz клиенті:

- Өте жақсы жаңалық. Біз осындай мүмкіндіктің пайда болғанына қуаныштымыз. Карантинге байланысты қазір аудан орталығына немесе банк бөлімшелеріне бару өте қауіпті. Сондықтан үйден шықпай-ақ шот ашу адамдар үшін жақсы мүмкіндік. Осындай мүмкіндіктің барына қуанамыз. Асыға күтеміз.

Біз цифрлы сервистерді қолдануға үйрендік. Бұл тиімді, ыңғайлы. Қазіргі жағдайда әрі қауіпсіз. Kaspi.kz көмегімен Kaspi Gold шотын ашып, әлеуметтік көмек үшін нөмір алуға болады. Пластикалық картаны дәл қазір алудың қажеті жоқ. Kaspi.kz қосымшасында картасыз аударым, төлем жасап, сатып алуға және Kaspi Банкоматтан комиссиясыз ақша шеше аласыз.Ал дүкендерде сатып алуға мүмкіндік беретін пластикалық картаны төтенше жағдай мен карантин біткен соң алуға болады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде