{metadescription}
Алматыға Қытайдан 12 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді  
Алматыға Қытайдан 12 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді  

Алматыға Қытайдан 12 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді  

Еліміздегі кәсіпкерлердің демеушілігімен Қытайдан Алматыға гуманитарлық көмек әкелінді. 12 тонна жүктің барлығы дүниежүзін дүрліктірген дерттен қорғануға арналған құрылғылар мен заттар.

Қиын-қыстау кезеңде еліміздің кәсіпкерлері де қарап қалмай, қолдан келгенше жақсылық жасауда. Олар өз қалтасынан ақша бөліп, қазір ең қажет деген медициналық заттарды Қытайдан арнайы алдыртты. 1 млн долларға бағаланған тауарлар енді Алматы қаласы мен облысындағы медициналық және өзге де ұйымдарға тапсырылады. Қысылтаяң уақытта мұндай көмек ақ халаттыларға ауадай қажет. Қораптарда қорғаныш заттарының бәрі қамтылған.

Серік Тұрдалиев, Алматы облысы әкімінің орынбасары:

- Алматы облысына – 2 жарым мың тонна бетперде, медициналық халаттар, көзілдірік және тағы басқа қажет заттар. Алматы облысында ауруханаларға және блок-бекетттерге және ең керекті жерге жеткізіледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде