{metadescription}
Әлем: Италияда коронавирусқа қарсы препараттар ұсынып жатыр  
Әлем: Италияда коронавирусқа қарсы препараттар ұсынып жатыр  

Әлем: Италияда коронавирусқа қарсы препараттар ұсынып жатыр  

Әлемде коронавирус жұқтырғандар саны 2 жарым миллионнан асып кетті. Бүгіннің өзінде қауіпті індетті 100 мыңға жуық адам жұқтырған. Алайда бірер апта бұрын ғана он мыңдап жұқтырып, сан мыңдап өліп жатқан Батыс Еуропа елдері шарықтау шегіне жетіп, енді көрсетіш тек төмендейді деп отыр. Екі жарым айдан бері күндіз-түні вируспен күресіп, енді есін жинап жатқан италиялық дәрігерлер тіпті коронавирусқа қарсы жақсы нәтиже көрсетіп жатқан препараттарды да ұсынуда.

Италияның күнгейіндегі Кампания аймағының дәрігерлері коронавирусқа қарсы тамаша нәтиже көрсететін препарарат таптық деп сүйінші сұрап жатыр. Олардың бұлай деуіне өңірде апта басынан бері вирусқа қатысты бірде-бір өлім тіркелмегені себеп болып отыр. Мәселен, Италияның теріскейінде орналасқан Ломбардияда эпидемия басталғалы 12 мыңнан астам адам өлсе, осы уақыт ішінде халқы тығыз орналасқан Кампанияда көз жұмғандар саны 300-ді ғана құрапты. Италиялық иммунотерапияны зерттеуші ғалымның пікірі ревматологиялық артритті емдеуге арналған тоцилизумаб дәрісі вирусқа қарсы жақсы препарат дегенге саяды.  

Паоло Ашьерто, м. ғ. д., профессор:

- Біз америкалық және Еуроодақтағы әріптестермен үздіксіз сөйлесіп отырамыз. Олар біз жүргізіп жатқан әдіске қатты қызығушлық танытып, толыққанды зерттеуді ұсынды. Үздіксіз жұмысымыз жақсы нәтиже көрсетіп жатыр.

Екі айдан бері короновирустан ес жинай алмай келген батыс Еуропа елдері мен АҚШ-та індеттің шарықтау шегіне жеткенін айтылуда. Вирус жұқтырғандар жөнінен АҚШ 849 мың адаммен әлемде көш бастап тұр. Екінші орында 210 мың індет жұқтырған азаматы бар Испания, ал 190 мыңға жуық тұрғыны індет жұқтырған Италия үшінші орында. Францияда 160 мың болса, Германияда 150 мың азамат жұқтырған. Қауіпті індет кесірінен 46 мыңнан астам азаматынан айрылған АҚШ шарықтау шегіне жеттік деп отыр.

Дональд Трамп, АҚШ Президенті:

- Біз ең жоғары межесіне жеттік деп ойлаймыз. Ары қарай төмендейтініне сенімдіміз. Бірақ вирустың екінші толқынынан сақ болуымыз керек.

Босаңсуға болмайтынын ДДҰ-ы да айтуда. Ұйым басшысы Тедрос Аданом Гебрейесус COVID-19-дың әлемді әлі ұзақ уақыт шеңгелінде ұстайтынына сенімді. Әсіресе Африка, Орталық және Латын Америкасы, сондай-ақ, Шығыс Еуропа елдерінде ауырғандар саны өспесе, кемімейді деген ұйым басшысы коронавирусқа қарсы инвестиция салуды жалғастыра түсу керек деп отыр.

Тедрос Аданом Гебрейресус, ДДС ұйымының бас директоры:

- АҚШ коронавирусқа қарсы күреске инвестиция салудың маңызды екенін түсінеді деп ойлаймын. Олар бұл арқылы басқа елдерге ғана көмектесіп қоймай, өздерін де қауіпсіздікте ұстайды.

Ал коронавирустың ошағы – Қытайдағы Уханьда уақытша ауруханаларға айналған мекемелер өз тіршілігіне қайта кірісуге дайындалуда. Вирус күшейген кезде амалсыз уақытша ауруханаға айналған коммерциялық нысандар мен түрлі көрме орталықтары мыңдаған ауруды қабылдап, оқшаулаған болатын. Қайта ашылу үшін әр ғимарат үш кезеңмен дезинфекция жұмыстарын жүргізіп жатыр. Әуелі нысанның сыртын түгел зарарсыздандыруы тиіс. Одан соң ішімен ауа жүретін құбырларға дейін түгел вирусқа қарсы ертінділермен жуылады. Үшіншіден, уақытша аурухана аумағы бір шақырымға дейін арнайы химикатпен шайылып жатыр. Ал, бұндай бақытты күнге әлемнің өзге елдері қашан жетері әзірге белгісіз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.