{metadescription}
Қарағандыда 5 көлікті талқандаған бизнесменге сот үкімі шықты
Қарағандыда 5 көлікті талқандаған бизнесменге сот үкімі шықты

Қарағандыда 5 көлікті талқандаған бизнесменге сот үкімі шықты

Қарағандыда мас күйінде «Лексусымен» бес көлікті талқандап, бір адамды ажал құштырған Серікбол Сәрсеновқа қатысты сот үкімі шықты. Бизнесмен тағылған айыптардың барлығын әу бастан-ақ мойындаған. Дегенмен мұнысы оны 5 жыл түрмеде отыру жазасынан құтқара алмады.

Саян Аққожин, судья:  

- Мас күйінде рөлге отырып, полиция қызметкерлерінен қашуы оның жазасын ауырлата түсті. Мұның салдары апаттың болуына әкеліп отыр. Сот осы жайттарды және марқұмның туыстарының өтінішін ескере отырып, аталған бап бойныша ең жоғарғы жаза тағайындады. 

Карантинге байланысты кейінгі сот процестері онлайн режимде өткен. Үкімді сотталушы тергеу абақтысында, зардап шегушілер үйлерінде тыңдады. Енді Сәрсенов 5 жыл мерзімін өтеп болғасын, тағы 5 жыл көлік жүргізуге құқығы болмайды.

Өткен жылдың 20-шы қазанында Серсенов тақымдаған «Лексус» жол жеигінде тұрған бес көлікті талқандаған. Полиция келгенде көлігінен шықпай қиғылық салғаны есте. Әкесіне араша түсіп, полицейлерге қарсылық көрсеткен оның екі ұлы да кейін әкімшілік жазаға тартылды. Сәрсенов соққан көліктердің бірінде отырған 29 жастағы келіншек ауыр жарақаттан есін жимастан бақилық болды. Марқұмның туыстары үкімге көңілі толатынын жеткізді. Бірақ бизнесмен зардап шегушілерге материалдық және моралдық шығынды әлі өтемеген.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде