{metadescription}
«Аштан өлеміз»! Төтенше жағдай әншілердің қалтасын жұқартқан
«Аштан өлеміз»! Төтенше жағдай әншілердің қалтасын жұқартқан

«Аштан өлеміз»! Төтенше жағдай әншілердің қалтасын жұқартқан

Төтенше жағдай Ернар Айдардың ғана емес, басқа әншілердің де қалтасын жұқартқан сыңайлы. «Аштан өлеміз» деп әлеуметтік желіде шулаған әнші Бүркітке Мәдениет министрі 42500 теңгеге құжат тапсыруды ұсынды.

Ақтоты Райымқұлова, ҚР мәдениет және спорт министрі:

- Қиыншылық туғызған бүгінгі жағдайға орай, біздің мемлекетіміз жеңілдіктер ұсынып отыр. Сондықтан біздің әртістеріміз де, мәдениет, архив, туризм салаларындағы, егер өздерінің күнделікті табысынан айырылып жатса, әрине, мемлекеттің ұсынып отырған әртүрлі ұсыныстарына олардың да қатысуға мүмкіндігі бар.

Мәдениет министрінің әлеуметтік төлем туралы сөз қозғауына, әнші Бүркіттің әлеуметтік желідегі үндеуі себеп. Онда шоу-бизнес жұлдызы президенттен карантин тәртібін жеңілдетуді сұраған. «Егер жеңілдетпесе, бұқара індеттен емес, аштан өледі» - деген еді ол. Министрдің айтуынша, әзірге ешбір әнші, әртіс немесе басқа да өнер адамдары 42 500 теңгеге құжат тапсырмапты.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде