{metadescription}
Лотерея қызығына кірген Ернар Айдарды сақшылар жерге жатқызды
Лотерея қызығына кірген Ернар Айдарды сақшылар жерге жатқызды

Лотерея қызығына кірген Ернар Айдарды сақшылар жерге жатқызды

Әнші Ернар Айдардың инстаграмдағы тікелей эфирінде бұл жолы әншінің өзі емес, полицейлер жұлдыз болды. Аяқ астынан сау ете қалған сақшылар лотереяның қызығына кірген әнші мен оның қасындағы бірнеше адамды құдды кинодағыдай жерге жатқызды.

Әлеуметтік желіде тараған видеода әнші ұтыс қорытындысын жариялап, жеңімпаз пәтерге ие болғанын сүйіншілеп жатыр еді. Іле-шала, шат-шадыман көңіл күй сап тыйылды. Полиция департаменті: «Олар карантин режимін бұзды» дегеннен басқа артық тіс жармай отыр. Бірақ бір бөлмеде болған 12 адамды ұстау операциясын Экономикалық тергеу қызметкерлері жүргізген. Соған қарағанда, карантин бер жағы сияқты. Әрі Ернар Айдардың осы ұтыс ойындарына байланысты алаяқтыққа қатысы бар болуы мүмкін деген де ақпарат шығып жатыр. Мәселенің ақ-қарасын алдағы күндері Экономикалық тергеу қызметі ажыратып, ресми ақпарат бермек. Ал әншінің өзі әзірге тек карантин режимін бұзғаны үшін кешірім сұрады.

- Мен өз әрекетіме – карантин жағдайынан шығып кеткеніме кешірім сұраймын. Әрине, мен ол жағынан қауіпсіздікті сақтауым керек. Кешірім сұраймын, ол көрініп тұр ғой, тікелей эфир, барлығы.

 

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.