{metadescription}
 «АзияКредит Банк» салымшылары депозиттегі ақшасын ала алмай жүр
 «АзияКредит Банк» салымшылары депозиттегі ақшасын ала алмай жүр

«АзияКредит Банк» салымшылары депозиттегі ақшасын ала алмай жүр

Елімізде екінші деңгейлі банктердің саны азаюы мүмкін. Өйткені тағы бір қаржы ұйымына тықыр таянды. Бұл жолы «АзияКредит Банктің» салымшылары ақшаларын даулап даурығып жүр. Өйткені қаржы ұйымы жарты жылдан бері клиенттеріне ақша беруді тоқтатқан. Тіпті «АзияКредит Банктің» болашақта басқа банкпен бірігіп, қайта құрылуы мүмкін деген де ақпарат бар. 

«АзияКредит Банкі» салымшылары да салы суға кетіп отыр. Өйткені бұл қаржы ұйымы жарты жылдан бері кассадан ақша шешуді тоқтатыпты. Тіпті депозиттегі өз қаржысын алу арманға айналды. Салымшылардың көпшілігі пайыздық мөлшерлемесі жоғары болған соң, осы банкке бар ақшасын сеніп тапсырған. Алайда қараша айынан бері банк көк тиын татырмай отыр екен.

Бекежан Қайырнасов, банк клиенті:

- 2016 жылы «Азия Кредит Банкінен» депозит ашқанмын. Себебі, баламыз мүгедек болып туғандықтан, отбасымызбен жиған-тергенімізді сол баланы емдеуге жинақтағанбыз. Енді қазір ақша керек уақытта, шетелге апарып операция жасауға «АзияКредит Банк» бізге ақша бергісі келмейді.

Бұл банктің 10 қалада бөлімшелері бар. Бірақ карантинге байланысты барлығы жабық тұр. Сондықтан салымшылар ақшасын кімнен дауларын білмей дал. Мәселен, Светлана Абраменко депозитке ірі көлемде қаржы құйыпты. Оны қызына пәтер алып беруге жинаған екен. Алайда осындай қиын-қыстау кезде еңбекпен тапқан ақшасына жете алмай мысы құрып отыр.

Светлана Абраменко, банк клиенті:

- Бұл банктен ақшамды ала алмай жүргеніме жарты жыл болды. Алғашында жаңа жылға дейін барлық мәселе шешіледі деген. Алайда қаңтарда хабарлассам, біздің банкте қайта құру жүріп жатыр, әзірге ақша шешу мүмкін емес деді. Осылай алдап келе жатқандарына 6 ай болды.

Банк басшылары бізбен тілдесуге де құлықсыз. «Азия Кредиттің» айналасындағы алып-қашпа әңгімеге байланысты бар шындықты білуге басқарма төрағасына хабарласқан едік. Алғашында телефон тұтқасын көтерген Данияр Арынов: «Дауысыңыз естілмей тұр» деген сылтаумен сол күйі хабарсыз кетті.

Салымшыларын зар қақсатқан ұйымды қазір Қаржылық қадағалау агенттігі тексеріп жатыр. Олардың қандай шешімге келгені келер аптада белгілі болады. Болашақта шаруасы шатқаяқтаған Азия Кредит пен Капитал банк бірігіп, қайта құрылады деген ақпарат бар. Айта кетсек, күні кеше ғана Тенгри банктің салымшылары да ақшамызды ала алмай жүрміз деп шу шығарған еді. Жағдайды түзеуге оларға айдың соңына дейін ғана уақыт берілді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

06 тамыз

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.