{metadescription}
Елбасы елді дағдарыстан алып шығу жайын талқылады
Елбасы елді дағдарыстан алып шығу жайын талқылады

Елбасы елді дағдарыстан алып шығу жайын талқылады

Экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі даму бағдарламасын қазірден-ақ іске қосу қажет. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қауіпсіздің кеңесінің жиынын өткізіп, елді дағдарыстан алып шығу жайын талқылады.

Сарапшылардың болжамына қарасақ, 170 елде жан басына шаққандағы кірісі төмендейді. Әсіресе экономикасы әлсіз елдер қатты зардап шегеді. Мұнай бағасы минусқа кетіп, әлемдік нарықтар тепе-теңдігін жоғалтты. Көп ұзамай әлемдік қаржы дағдарысы, одан соң жаһандық азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін. Оның салдары шиеленістер мен қақтығыстарға әкеледі. Елбасының айтуынша, Ұлттық қорымызға айтарлықтай қаражат жиналды. Ол қазір дағдарыс кезінде елді құтқарып келеді. Бірақ оның да шегі бар. Сондықтан қапы қалмас үшін дағдарысқа қарсы шаралар кешенін іске асыру керектігін атап өтті.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш президенті:

- Тарихымызда еліміздің басында мұндай ауыртпашылық талай рет болған. Оны баршамыз білеміз. Әсіресе аға буын, менің қатарларым жастарға түсіндіріп айту керек. бірақ бұл жолғы қиындық оның барлығынан бөлек болып отыр. Осындай қиын-қыстау кезеңде әрбір қазақстандық мемлекеттің қамқорлығын сезіну үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатырмыз. Баршамызға қазір төзімділік керек, тәртіп қажет.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде