{metadescription}
Түркістан облысында диқандар қырыққабатты қайда сатарын білмей отыр
Түркістан облысында диқандар қырыққабатты қайда сатарын білмей отыр

Түркістан облысында диқандар қырыққабатты қайда сатарын білмей отыр

Түркістан облысында қырыққабат еккен диқандар тақырға отырды. Төтенше жағдай жарияланған соң олардың пісіп жетілген өнімі ешкімге керек болмай қалған. Егістікте жиналмай шіріп жатқан өнімін шаруалардың өзі енді шауып тастап жатыр.

- Капустаның бәрін шауып тастап жатырмыз, міне. Кімге керек бұл, сонша еңбек етіп істегеніміз бір тиын болды. Бес гектар капустаны бұзып тастап жатырмыз, 10 теңгеден алмай жатыр.

Жүздеген диқан пісіп жетілген өнімін қайда сатарын білмей отыр. Әдетте Ресейге өткізіп үйренген оларға шекара жабылған соң қиын соққан. Ел ішінде бұл көкөністі тұтынушы аз болған соң, бағасы тіпті түсіп кетіпті. Дихандар шулап, облыс әкіміне шағымданған соң, Өмірзақ Шөкеев бұл мәселені бүгін Үкімет отырысында көтеріп, жәрдем сұрауға мәжбүр болды. Түркістан облысы әкімінің айтуынша, егістікте жатқан 300 мың тоннаға жуық өнімді өткізуге қазір көмектеспесе, күнгейлік шаруалардың хәлі мүлдем қиын болғалы тұр.

Өмірзақ Шөкеев, Түркістан облысының әкімі:

- Қазір бір келісі 10-15 теңгеге түсіп кетті. Фермерлер үлкен шу көтеріп жатыр. Сондықтан, министрліктермен бірге, қандай мүмкіншілік бар, бірге отырып, облыстармен бірге отырып шешейік. 250 мың тонна капуста дайын тұр. Бірдеме етіп өткізуіміз керек. Әйтпесе үлкен проблема болады, Асқар Ұзақбаевич.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.