{metadescription}
Серуенге шыққанда қандай сақтық шарасын орындау қажет   
Серуенге шыққанда қандай сақтық шарасын орындау қажет   

Серуенге шыққанда қандай сақтық шарасын орындау қажет   

Елімізде карантин кезінде балаларға да далаға шығып ойнауға рұқсат берілді. Бірақ жанында ата-анасы немесе қандай да бір ересек туысы болуы керек. Сондай-ақ таза ауада серуендеуге шыққан әрбір тұрғын сақтық шараларын орындауға міндетті. Ол қандай шаралар? Карантиндегі жеңілдетілген жаңа талаптар жайлы тілшіміз баяндайды.

Бүгіннен бастап елімізде карантиннің талаптары сәл жеңілдетіліп отыр. Далаға серуендеуге шығатындар ең бірінші кезекте санитарлық талаптарды қатаң сақтауы тиіс. Әсіресе бір айдан аса қаңырап тұрған ойын алаңдарында қызу әрекет. Көпқабатты үйдің төрт қабырғасында амалсыз қамалған кішкентай алматылықтар асыр салып ойнап жүр. Эпидемиядан сақтанғандар: «Талапты қатаң орындадық» - дейді.

Ақжан Жолымбетова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Тек нанға барып келеміз, қажет затты аламыз. Барамыз д, жүгіріп келеміз. Ал біздің аулада әлі ешкім далаға шыққан жоқ.  

Гүлнәр Белгібаева, Алматы қаласының тұрғыны:

Үйде отырағанымыз қиындау болды. Үлкен адамдар – біздер шыдаймыз. Бірақ балалар, әсіресе кішкентай балаларға қиындау. Немерем 4 жаста, қалғандары ,біреуі диплом жазып жатыр. Біреуі үйде қашықтан жұмыс істейді.

Алматы қаласы бас санитар дәрігерінің ұсынысымен қатаң ереже бекітілді. Таңғы 6-дан кешкі 21:00-ға дейін балаларды далада алып жүруге рұқсат. 14 жасқа дейінгі балалар ойнауға шыққан сәтте жанында ата-анасы болуы шарт. Есік алдындағы серуен барысында арақашықтық  екі метрден кем болмауы тиіс. Үш адамнан аса топталып жиналуға болмайды. Ең бастысы, балалардың сыртқа шығарған ойыншықтарын жуып, сүрту міндетті.

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының бас санитариялық дәрігері:

- Балалар және демалу алаңдарын, аулаларды күнделікті тазалап, дезинфекция жасауы қажет. Оны ПИК және осы үйдің үй иелері жасайды. Екіншіден, далаға шыққан кезде міндетті түрде бетперде тағуы қажет.

Ойын алаңына залалсыздандыру жүргізілген соң бір сағат далаға шығуға рұқсат етілмейді. Карантин режимі жеңілдеген алғашқы күні Қарағанды аулалары да у-шуға толы. Балалары мен немерелерін ойнатқан тұрғындар, өздері де «сергіп қалдық» деп қуанып отыр.

Клара Жаңабаева, Қарағанды қаласының тұрғыны:

- Өте қиын екен, мына кішкентай балалар түсінбейді. Жүйкемізге әсер етті, қан қысымымыз көтеріліп, енді бүгін жақсы болдық, Аллаға шүкір.

Тұрғылықты жерінде серуендеу бойынша ереже карантинге жабылған үйлерге қатысты емес. Індет ошағы ретінде саналған ауланың тұрғындарына сабырлық сақтаудан басқа амал жоқ. Ережені бұзғандарға 10 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 27 мың теңгеден аса айыппұл салынады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде