{metadescription}
Сovid-19: Аяғы ауыр 37 келіншек, жас босанған 12 ана    
Сovid-19: Аяғы ауыр 37 келіншек, жас босанған 12 ана    

Сovid-19: Аяғы ауыр 37 келіншек, жас босанған 12 ана    

Алматыда №2 перзентхана аяғы ауыр келіншектерді қабылдауды тоқтатты. Өйткені осында босануға келген келіншектен коронавирус анықталған. Сондықтан жас босанған аналарды қазір жаппай өзге перзентханаға көшіріп жатыр. Осылайша оңтүстік шаһарда індет жұқтырғандар саны мыңға жуықтап қалды. Десе де қаланың Бас санитар дәрігері кесел жұқтырғандар көрсеткіші «күн санап азайып келеді» дейді. Ал бүгін елімізде ең көп науқас Нұр-Сұлтан қаласында тіркелді.

 Қауіпті кеселге душар болғандар жайында тілшіміз айтып береді.   

Сейсенбідегі сүреңсіз статистканы Нұр-Сұлтан қаласы бастап тұр. Бүгін Елордада 54 азаматтан ауру белгілері байқалыпты. Тағы 2 жарым мыңнан астам тұрғын үй карантиніне жабылған. Сөйтсек бас қалада аурудың асқынып кету себебі мынада екен: 20 күннен бері елордада дәрігерлер, әскерилер мен полиция қызметкерлері секілді алдыңғы шепте жүрген азаматтар жаппай жедел тесттен өткізіліп жатыр. «Осының арқасында вирус жұқтырғандар жылдам анықталып, дереу оқшауланды» - дейді қала әкімінің орынбасары.   

Бақтияр Мәкен, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары:

- 9-сәуірден бастап жаппай экспересс-тестілеу басталды. Оны 15528 адам тапсырды. Қазір 10 науқастың жағдайы тұрақты ауыр хәлде. Оның  5-уі жасанды тыныс алу аппаратына қосылған.

Бүгін Алматыдағы №2 перзентхана жас босанатын келіншектерге есігін жапты. Себебі, осы жерге босануға келген келіншектен вирус анықталған. Бірақ оның қанша адамға жұқтырғаны белгісіз.

Жалпы, ел бойынша аяғы ауыр 37 келіншектен вирус анықталыпты. Сондай-ақ енді босанған 12 жас анадан індет табылған. Ал Алматыдағы жағдайдан кейін дәрігерлер мен сондағы жас аналар толық тексеруден өткізіліпті. Алайда жаңа босанған жас аналарды шығарып алуға гүл мен шар ұстап келгендер перзентхана маңында толып жүр. 

Халықтың бейқамдығынан Алматыдағы ауру жұқтырғандар саны мың адамға жақындап қалды. Соған қарамастан, қаланың бас санитар дәрігері жақында жұқпалы дерттің «таралуы азаяды» деп сендірді.

Жандарбек Бекшин, Алматы қаласының Бас санитариялық дәрігері:

- 20 сәуір күні тәуліктік ауру жұқтыру көрсеткіші 15,6 пайызға жетті. Ал өткен сенбіде 2 пайыздың төңірегінде болды. Орташа есеппен соңғы сегіз күнде тәуліктік өсім көрсеткіші 6,6 пайыз. Жақын күндері аурудың таралу қарқынын мейлінше азайтамыз деп ойлаймын. 

Атырауда бүгін бес науқастан вирус табылды. Бесеуі де – мұнайшы. Олар Теңіз кенішінде вахталық әдіспен жұмыс істеген. Сондықтан науқастармен байланыста болған өзге жұмысшылар да карантинге жабылып тест тапсырған.

Осылайша бүгін елімізде коронавируспен ауырғандар саны 3019 адамға жетті. Олардың 754 аурудан айықса, 25 науқас бақилық болды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.