{metadescription}
Оңтүстіккореялық компания гуманитарлық көмек көрсетті
Оңтүстіккореялық компания гуманитарлық көмек көрсетті

Оңтүстіккореялық компания гуманитарлық көмек көрсетті

Оңтүстіккореялық компания Тұңғыш президент – Елбасы қорының қолдауымен елімізге гуманитарлық көмек көрсетті. Коронавирусқа қарсы тест, қорғаныш киімдері мен арнайы контейнерлер сияқты Кореяда өндірілген медициналық құралдар енді Нұр-Сұлтан мен Алматыға және еліміздің басқа облыстарына жеткізілмек.

Оңтүстіккореялық компаниядан көмек ретінде вирусты анықтайтын 2 мың ПТР тест, 2 жарым мың қорғаныс костюмі және биоматериал жинауға арналған 20 мың крнтейнер келген. Бұл жәрдем шарасы Тұңғыш президент - Елбасы қорының қолдауымен жүзеге асып отыр. Ал аталмыш компания еліміздің аумағында 2013 жылдан бері жұмыс істейді.   

Ко Юн Сан, Оңтүстіккореялық компанияның атқарушы директоры:

Негізі мұндай ауқымдағы пандемия әлемде бірінші рет болып отыр. Ал біздің компания өз тәжірибесінде бірінші рет гуманитарлық көмек көрсетуге бекінді. Қазақстанмен біраз жылдан бері әріптес болғандықтан, компания төрағасы қол ұшын созу туралы шешім қабылдады.

Гуманитарлық көмек ретінде жеткізілген медициналық құралдардың барлығы Корея Республикасында өндірілген. Пандемия кезінде денсаулық сақтау саласының алдыңғы шептегі мамандарына сыйақы бөлуде Тұңғыш Президент қоры белсенділік танытып келеді. Болашақ дәрігерлерді даярлауда септігі болатын арнайы жоба әзірленіп жатыр екен. Ол күзде іске қосылады.  

Әлкей Марғұланұлы, ҚР Тұңғыш Президенті Елбасы Қорының атқарушы директорының орынбасары:

Біз өз тарапымыздан осындай төтенше жағдайларда қажетті мамандарды оқытуға, даярлауға қолдау көрсетеміз деп, мақсат қойып отырмыз. Атаулы стипендиялар болады. Яғни медицина саласында, оның ішінде вирусология, иммунология саласына қажетті мамандар, студент жастарды қолдау бағдарламасы болады.

Кореядан келген гуманитарлық көмек ел астанасынан бөлек, Алматыға және еліміздің басқа да өңірлеріне жеткізіледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

15 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде