{metadescription}
Қарағандыда тәртіп сақшысын соғып тұра қашқан мас жүргізуші әлекке салды
Қарағандыда тәртіп сақшысын соғып тұра қашқан мас жүргізуші әлекке салды

Қарағандыда тәртіп сақшысын соғып тұра қашқан мас жүргізуші әлекке салды

Қарағандыда тәртіп сақшысын соғып тұра қашқан көлікті тоқтату үшін полицейлер оқ атуға мәжбүр болды. Қуғыншыларды әлекке салған көліктегі мас жүргізуші мен жолаушылары ұстау кезінде полциейлерді әбден балағаттаған.

Көліктен шыққан жолаушы полицейлерді балағаттап, Ресейге қоңырау шалып жатқанда қуғын аяқталған. Алғашында көлікке жақындап қалған тәртіп сақшысының аяғы аспаннан келді. Жалма-жан полицейлер көлік дөңгелегіне оқ атып үлгереді. Алайда арақтан арқаланған 24 жастағы жігіт көлігімен қаша жөнелген. Алдын кес-кестеген полицияны пысқырмай, біраз жерді шаңдатады. Ақырында жарылған дөңгелектері жүруден қалған соң, аулалардың біріне тоқтаған. Абырой болғанда тұрғындар көліктің жолынан қашып үлгеріп аман қалыпты. Енді мас жүргізуші мен оның Ресейде қорғаушылары бар жолаушысы қылмыстық жауапқа тартылады.

Жаңатай Сембеков, Қарағанды облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Көлік жүргізушісіне қатысты әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің бірнеше бабына сәйкес материал толтырылды. Көліктегі жолаушы, 29 жастағы әйелге тәртіп сақшыларын балағаттағаны үшін қылмыстық іс тіркелді.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

15 мамыр

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде