{metadescription}
Бәс тігем деп, Ертіске суға кете жаздады
Бәс тігем деп, Ертіске суға кете жаздады

Бәс тігем деп, Ертіске суға кете жаздады

Курчатов қаласында Ертіс өзенінің қарсы бетіне бәстесіп жүзіп өтпек болған қос азамат өлім ауызынан қалды. Тасып жатқан өзеннің қақ ортасына келгенде біреуінің аяғы тартылып бата бастаған.

Оларды дер кезінде жағада жүрген полиция қызметкерлері байқап қалып, бірден құтқаруға ұмтылыпты. Тәртіп сақшылары ағысы қатты өзенге секіріп, жүзіп барып «бәстескіш» екеуді жағаға алып шыққан. Сол жерде екеуіне алғашқы медициналық көмек көрсетіліп үйлеріне жіберілді. Олар мастықпен бәстескен болып шықты. Сондықтан, елуді еңсерген екеуге қатысты әкімшілік іс қозғалды. Ал адам өмірін арашалап қалған полиция қызметкерлері марапатқа ұсынылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.