{metadescription}
Елімізде шаштараздар екі күнде 52 миллион теңгеден астам пайда тапқан
Елімізде шаштараздар екі күнде 52 миллион теңгеден астам пайда тапқан

Елімізде шаштараздар екі күнде 52 миллион теңгеден астам пайда тапқан

Шаштараздар екі күнде 52 миллион теңгеден астам пайда тапқан. Мамырдың 4-інен бастап жұмысына қайта кіріскен олар небәрі қысқа мерзімде осындай табысқа кенеліпті. Оны бүгін Мемлекеттік кірістер комитеті жариялады.

Алғашқы екі күнде ең көп кіріс – 1 миллион 700 мың теңгені Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкері тауыпты. Екіншісі – 1 миллион 400 мың теңге тапқан алматылық кәсіпкер.  Шымкент қаласы кәсіпкерінің кірісі 1 миллион 300 мың теңгеге жетіпті. Елдегі ең көп пайда тапқан үш шаштараз осылар.

Айта кетейік, бұл 52 миллион 300 мың теңге тек таза түбіртекпен жұмыс істеген орындардың табысы. Жалпы саны 15 мыңнан астам чек берілген екен. Бір чектегі орташа табыс 3 жарым мың теңгені құрайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде