{metadescription}
Саунада сауық құрған шенеуніктердің тізімі әкіммен толықты
Саунада сауық құрған шенеуніктердің тізімі әкіммен толықты

Саунада сауық құрған шенеуніктердің тізімі әкіммен толықты

Төтенше жағдай кезінде саунада сауық құрған шенеуніктердің тізімі енді әкіммен толықты. Түркістан облысы Шардара ауданының әкіміне ұқсайтын адам бастаған бір топ шенеуніктің моншада отырған видеосы әлеуметтік желіде талқыланып жатыр. Жұрт пандемиядан оқшауланып жатқанда, төтенше жағдайды қамтамасыз етуі тиіс лауазым иелері түнде моншаға қызметтік көліктерімен барған.

- Бүгін сәуірдің 15-і, 2020 жылы, Шардара қонақ үйінде тұрған автокөліктер.

- Не, тыныштық па?

- Есімдеріңіз?

- Қайрат.

Видеода бетперде таққан бір топ полицей Шардара ауданы әкімі Қайрат Жолдыбай мен аппарат басшысы Ғалымжан Амантайға ұқсайтын және өзін «бірінші орынбасармын» деген үшеудің моншада отырған жерінен сау ете түседі. Алайда шенеуніктерде бетте маска түгілі, бұтта шалбар да жоқ. Ролик авторының сөзінше, видео 15 сәуірдің түнінде түсірілген. Бұл кезде бүкіл елде коронавирусқа қатысты төтенше жағдай жарияланғанына ай толған еді.

Президент жарлығына сәйкес, барлық ойын-сауықтық, қоғамдық монша секілді орындар мен қонақ үйлер бұл уақытта жабық болуы тиіс. Бұл туралы облыс билігі әзірге еш пікір білдермеді. Ал облыстық әдеп кеңесі моншадағы мемлекеттік қызметкерлері туралы тіпті білмейтін болып шықты. Аталған дерек бойынша облыстық полиция департаменті ғана жауап берді. Яғни, полицейлер ол жерге жат ағым өкілдері жиналып жатыр деген қоңырау бойынша барған. Ал шенеуніктердің әрекетінде «карантинді бұзу жоқ» деп мәлімдеді. Алайда президент жариялаған төтенше жағдайдың бұзылғанына қатысты түсінік бермеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде