{metadescription}
Ұшақта қашықтық сақтау талабы алынып тасталды 
Ұшақта қашықтық сақтау талабы алынып тасталды 

Ұшақта қашықтық сақтау талабы алынып тасталды 

Бүгіннен бастап ұшақтарға жолаушылар бір орын қалдырып отыруы тиіс деген талап алынып тасталды. Осы күнге дейін жолаушылар арасынан коронавирус жұқтырған бірде-бір адамның анықталмауына байланысты талап осылай жұмсартылып отыр. Қалған санитарлық талаптар сол күйі сақталады.

Сәдуақас Байғабылов, Көліктегі бас мемлекеттік санитар дәрігер:

- Біз екі қалаға келіп жатқан жолаушыларды күн сайын бақылап отырдық. Оның үстіне жолаушылардың өз денсаулығына үлкен жауапкершілікпен қарайтынын байқадық. Осыған көз жеткізгеннен кейін ғана ұшақтарға жолаушыларды толық отырғызуға мүмкіндік бердік. Бұл әу баста қаулы қабылдаған кезде осылай жоспарланған болатын.

1 мамырдан бастап елорда мен Алматының арасында әуе қатынасы жанданған болатын. Бірақ күшейтілген санитарлық талаптар сақталу керек. Одан бөлек, әр жолаушы ПТР тестін өтіп, коронавирустан таза деген анықтама алуы тиіс. Бұл талаптар сол күйі сақтала береді.

Ал Азаматтық авиация комитеті жуырда ғана жағдайдың қиындығынан әуе билетін қымбаттатуға тура келетінін айтқан еді. Мәселен, бір ғана «СКАТ» әуе компаниясы наурыз бен сәуірде 18 миллиард теңге шығынға батқан. Әзірге ешбір әуе компаниясы билет бағасын қымбаттатқан жоқ. Дегенмен жағдай осылай жалғаса берсе, ұшақ билетінің бағасы өсейін деп тұр.

Виктория Старожилова, SCAT әуе компаниясы қоғаммен байланыс бөлімінің басшысы:

- Егер қазіргідей шектеу шаралары ұзақ уақыт бойы сақталатын болса, онда ол ұшақ билеттері құнының өзгеруіне алып келеді. Өйткені жолаушылардың қалтасына біршама ауырлық түсіреді. Сондықтан ұшақтар тиісті деңгейде толмай қалуы мүмкін. Бірақ біз жағдай жақын арада оңалады деген үміттеміз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде