{metadescription}
Алматыда екі жасар қыз анасының көз алдында мерт болды
Алматыда екі жасар қыз анасының көз алдында мерт болды

Алматыда екі жасар қыз анасының көз алдында мерт болды

Алматыда анасының көзінше баласын көлік қағып мерт қылды. Екі жжасар қыз үйінің алдында ойнап жүрген. Анасы бүлдіршінді құтқаруға тырысқанымен, үлгере алмады. 

Жантүршігерлік жағдай бақылау камерасына түсіп қалды. Жер үйде тұратын отбасылардың бірі баламен есік алдына серуендеуге шыққан. Екі жасар қыз анасының жанында ойнап жүреді. Бір уақытта үйдің тура жанындағы тас жолға жүгіріп шыққан. Анасы баланы ұстап қалуға ұмтылғанымен, үлгерген жоқ. Күтпеген жерден жеңіл көлік зу етіп өте шықты. Бүлдіршін сол арада тіл тартпай кетті. Ал тежегішін басып үлгермеген жүргізуші қамауға алынды. Қазір жігіттің жеке үйлердің арасымен қандай жылдамдықпен жүргені анықталып жатыр. 

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- ҚК 345- бабы 3-тармағы бойынша 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру мерзімі көзделуде. Егер баланы көре тұра, автокөлігінің тежегішін басып, автокөлікті тоқтатуға мүмкіндігі болса, оны да міндетті түрде сараптама айқындайды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.