{metadescription}
Өнеркәсіпті дамыту қоры: Үстеме ақысы 3 пайыз несие беріледі
Өнеркәсіпті дамыту қоры: Үстеме ақысы 3 пайыз несие беріледі

Өнеркәсіпті дамыту қоры: Үстеме ақысы 3 пайыз несие беріледі

Үкімет жыл соңына дейінгі экономикалық өсуді қалпына келтіру жөніндегі кешенді жоспарды бекітті. Осының негізінде елімізде өнеркәсіпті дамыту қоры құрылады. Бұл қордың көмегімен өңдеу кәсібімен айналысуға құлықты азаматтарға үстеме ақысы 3 пайыздан аспайтын несие берілмек.

«Бизнестің жол картасы 2025»  бағдарламасына «Микро және шағын кәсіпкерлікті қолдау» саласы бойынша жаңа бағыт енгізіледі. Сондай-ақ, техника алуға шамасы жетпейтін шаруаларға инвестициялық субсидия бөлу қарастырылған. Әрі кәсіпкерлерді айналым қаражатын толықтыруға 5 миллион теңгеге дейін, ал өндірістік мақсаттарға 20 миллион теңгеге дейін несиелендіру көзделген. Бұл арқылы шығынға батқан микробизнеске демеу көрсетіледі.

Төтенше жағдай режимі кезіндегі елдің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін түрлі шектеулер мен квоталар енгізілген болатын. Қазір төтенше жағдай режимінің аяқталуына орай, әрі ішкі нарық тұтастай азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз етілгендіктен, маусымның 1-нен барлық шектеулерді алып тастау қарастырылып жатыр.

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры акционерлік қоғамының кепілдендіру құралдарын пайдалана отырып, «ҚазАгро» Ұлттық басқарушы холдингі АҚ-ның желісі бойынша ауыл шаруашылық өнімін өндірушілеріне жылдық 6 пайыз мөлшерлемемен жеңілдетілген микрокредит беру көзделген. Бұл ауылшарушылығы тауарын өндірушілер үшін қаржыландыруды қолжетімді етіп, олардың көптеп қамтылуын көздейді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.