{metadescription}
Биылғы соңғы қоңырау қалай өтеді?
Биылғы соңғы қоңырау қалай өтеді?

Биылғы соңғы қоңырау қалай өтеді?

Қазақстандық түлектердің биыл шығыны аз. Мектеп бітіруші қыздар бет әрлеуге, қымбат көйлек сатып алуға ақша жұмсамайды. Білім министрлігі соңғы қоңырауға 100 теңгелік бетперде киіп, қарапайым мектеп формасымен келуді талап етіп отыр.

Салтанатты жиын өткізуге тыйым салған министрлік аттестат табыстау рәсімін маусымның 3-і мен 4-інде төртінде өткізбек. Оған тек 11-сынып оқушылары мен олардың ата-анасы қатыса алады. Түлектер мектеп бітіру кешінде бетперде киіп, сыныптастары арасында екі метр қашықтықты сақтауы тиіс. Соңғы қоңырауды әр бітіруші сынып бөлек-бөлек өтеді. Сондықтан рәсімнен кейін мектеп әкімшілігі алаң тазалауы керек. Ал 1-10 сыныптарда оқитындар бұл оқу жылында мерекесіз қалды.

Асхат Аймағамбетов, ҚР білім және ғылым министрі:

- 25 мамырда онлайн режімде 1-10 сыныптарға арналған соңғы қоңырау, класс сабақтарын өткізетін боламыз. 3-4 маусым күндері 11-сыныптарға арналған тиісті іс-шара өтетін болады. Қатаң санитарлық талаптарды сақтау қажет. Әр сынып соңғы қоңырау және аттестат табыстау рәсімін бөлек өткізуі тиіс.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде