{metadescription}
Covid-19: Елордада 10 науқас ауыр халде жатыр
Covid-19: Елордада 10 науқас ауыр халде жатыр

Covid-19: Елордада 10 науқас ауыр халде жатыр

Коронавирусинфекциясын жұқтырған бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Қамалжан Надыров ауруханадан шықты. Отбасына оралған шенеуніктің жағдайы жақсы, қан талдауы теріс нәтиже көрсеткен.

Енді Надыров басқа науқастар секілді екі апталық үй карантинінде болуы тиіс. Ал денсаулығы толық қалпына келген соң, Алматының денсаулық сақтау басқармасының басшылық қызметіне кіріседі. Елордада Covid-19 вирусын жұқтырғандар саны екі есеге азайыпты. Мұны бүгін астананың бас дәрігері Сәуле Қисықова қуана жеткізді. Өткен тәулікте 36 тұрғын вирус жұқтырған екен. Дертке шалдыққандардың басым бөлігі вирус табылған азаматтармен жақын қарым-қатынаста болғандар. Сонымен бірге қала ауруханаларда жатқандардың арасында жағдайы тым нашар науқастар бар.

Сәуле Қисықова, Нұр-Сұлтан қалалық денсаулық сақтау басқармасының басшысы:

Қазіргі таңда 10 науқас тұрақты ауыр халде жатыр. Оның екеуі жасанды өкпе желдеткішіне қосылған. Жаңа салынған модульдік жұқпалы ауруханада 180 науқас ем алып жатыр. Жағдайлары қалыпты. Үш науқас жан сақтау  бөлімінде жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.