{metadescription}
Сovid-19: Мұнай кен орындарында індет дендеп, бала-шағасына да жұққан
Сovid-19: Мұнай кен орындарында індет дендеп, бала-шағасына да жұққан

Сovid-19: Мұнай кен орындарында індет дендеп, бала-шағасына да жұққан

Еліміздегі мұнай кен орындарында індет дендеп барады. Теңіз кенішіндегі ахуалға байланысты үкіметтік комиссия құрылып, тексеруге кірісті. Оңтүстіктегі қара алтын өңдейтін зауыттағыларға да қауіп төніп тұр. «Петро Қазақстан» компаниясында вирус жұқтырғандар саны 100-ден асқан. Тіпті еншілес мекеме қызметкерлері мен мұнайшылардың бала-шағасына жұққаны белгілі болып жатыр.

Еліміздің мұнай өндіретін кен орындарында індеттің таралуы тоқтар емес. Атырау облысындағы Теңіз кенішінде вирус жұқтырғандар саны мыңға таяп қалды. Қазір бұл жақта үкіметтік комиссия жұмыс істеп жатыр. Олар бұған дейін қабылданған вирусқа қарсы жоспардың қалай жүргізіліп жатқанын тексереді.

Ержан Төлек, Атырау облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

- «ТШО» мердігерлерінің орналасқан жерін анықтауға қатысты арнайы жоспар құрады. Сонымен қатар карантиндік аймақтардағы бақылаусыз кіріп-шығуға тыйым салу, сонымен қатар кезекшіліктегі адамдардың санын анықтау, өндірістік процеске қатынаспайтын адамдардың орнын тексеру және оларды шығаруды ұйымдастыру туралы нақты шешім қабылданады деп жоспарланып отыр.

Тек Атырауда ғана емес, Шымкент пен Қарағандыдағы кен орындарында Сovid-19 жұқтырғандар көптеп табылып жатыр. Мұнаймен айналысатын  «Петро Қазақстан» компаниясында 100-ден аса жұмысшы  аталмыш вирусты жұқтырып қана қоймай, үйіндегі бала-шағасына таратқан.

Айжан Есмағамбетова, ҚР мемлекеттік бас санитар дәрігері:

- Шымкенттегі «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» серіктестігінде де жұмысшылар арасында 101 жағдай тіркелді. Еншілес мекемелерінің 23 қызметкері және 69 жағдайда туған-туыстарына жұқтырғаны белгілі болды. Қарағанды облысындағы «Қазақмыстың» 34 қызмектерінен COVID-19 анықталды. 

Қазір ауру дендеп тұрған үш аймақтың бірі – Қарағанды облысы. Мұнда кеніштегілерден бөлек, тұрғындар арасында кесел көптеп анықталып жатыр. Соңғы бір тәулікте вирус табылған 24 адамның 13-і – облыс орталығында, қалған 10-ы Теміртау қаласында тұрады. Ақтау кентінен бір адам бар. Дәрігерлер карантин тәртібінің босаңсытуының салдары көңіл көншітпейтінін  айтады

Видади Джамаледдинов, Инфекциялық госпитальдің бөлім меңгерушісі

Карантин режімінің босаңсуы кеселдің көптеп анықталуына себеп болып отыр. Кеше 24 адамнан анықталды. Бүгін провизорлық орталыққа 50 шақты адам жеткізіліп, сынама алынды. Қорытындысы ертең дайын болады. Бұлар ауру анықталғандармен қарым қатынаста болғандар, сондықтан ауру жұқтырғандар саны өсуі мүмкін. Қазір төтенше жағдай режиміндегідей емес, тұрғындар бір-бірімен емін-еркін аралас-құралас болып жатыр.

Қазір Ақтөбедегі мұнай-газ шығаратын кен орындары да қатаң бақылауға алынды. Вахталық әдіспен жұмыс істейтін мұнайшылардың барлығы қызметке барар алдында тест тапсыруға міндетті. «Өңірдегі кеніштерден вирус табылмады» - деп шүкіршілік етеді мамандар.

Дегенмен Ақтөбедегі вахтада жүргендер арасынан Сovid-19 табылмағанымен, карантиндегі тұрғындардан анықталуда. Соңғы бір тәулікте 3 ақтөбеліктің індетті болғаны белгілі болды. Ал елде қазір коронавирус жұқтырғандар саны 7000-ға жетіп қалды. Оның жартысы ауруынан айығып, үйіне жіберілген.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.