{metadescription}
Бейбіт шеру өткізу тәртібі жеңілдетіледі
Бейбіт шеру өткізу тәртібі жеңілдетіледі

Бейбіт шеру өткізу тәртібі жеңілдетіледі

Сенат түзеткен митинг туралы заң жобасына мәжілісмендер еш өзгеріс енгізген жоқ. Керісінше, Жоғары палатадағы әріптестерімен келісіп, мақұлдап берді. Ел аумағында бейбіт шерулер өткізу тәртібі жеңілдетілмек. Билік тарапынан митинг өткізуге рұқсат бермеуге себеп те азаяды.

Қанат Мусин, Мәжіліс депутаты:

- Тұрмыс-тіршілік нысандарының  көлікпен өзге де инфрақұрылым жұмыс істеуінің бұзылуы азаматтардың еркін жүріп-тұруына кедергі келтіру сияқты, бейбіт жиналысты өткізуден бас тарту негізін алып тастау ұсынылады. Өйткені мұндай кедергілерді билік нақты арнайы орынды белгілеу кезінде ескеруге және оларды алдын алуға тиіс.

Митинг өткізуге арнайы орындар қаланың орталық алаңдарынан беріледі. Ал әкімдіктер жиын өтетіні туралы бес күн бұрын ескертілуі керек. Мұндай жағдайда наразы топ шеру өткізудің мақсат-міндетін егжей-тегжейлі көрсеткені жөн. Бейбіт жиындардың тақырыбы әлеуметтік немесе діни араздықты тудырмауы шарт, заңға қайшы болмауы тиіс. Бүгінгідей пандемия кезінде митинг қатысушылары бетперде тағып, денсаулығын қорғау қажет болса, жеке қорғаныс құралдарын пайдалануы қажет. Сонымен бірге шеруге қатысып жатқан адам заң бұзса да, митинг әрі қарай жалғаса бермек.

Бір апта бұрын Сенат құжатқа бірқатар өзгеріс енгізіп, әрі қазақша нұсқасындағы әріп қателерін түзеу үшін заң жобасын Мәжіліске қайтарған болатын. 

Алуа Жолдыбалина, саясаттанушы:

- Ертең әкімдік тарапынан әрекеттер болады. Бейбіт шерулерді ұйымдастырушылар тарапынан да болады. Заң нормаларының орындалу талабы қалай болады, оны қалай жүзеге асырамыз деген ақпараттық түсіндірме жұмысы өте жақсы болуы керек. Ертең  бейбіт шеруді ұйымдастыратын адамдар түсінбей, ол жердегі нормаларды білмей, қайтадан келеңсіз жағдай тумас үшін бұл жерде үлкен ақпараттық жұмыс жүргізіледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде