{metadescription}
Әлем: Covid-19 қарқыны бәсеңдемесе, екінші толқыны жайылуы мүмкін
Әлем: Covid-19 қарқыны бәсеңдемесе, екінші толқыны жайылуы мүмкін

Әлем: Covid-19 қарқыны бәсеңдемесе, екінші толқыны жайылуы мүмкін

Әлемде соңғы бір тәулікте 106 мыңнан астам адам коронавирус жұқтырып, рекорд жаңартты. Науқастардың бұлай күрт көбеюіне Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алаңдаушылық білдіріп отыр. Тіпті ұйымның Ресейдегі өкілі қауіпті кеселдің қарқыны бәсеңдемесе, вирустың екінші толқыны жаһанға жайылуы мүмкін екенін айтады. Сондықтан мамандар әлем жұртын сақтық ережелеріне салғырт қарамауға шақырады.

Көп елдер қалыпты өмірге оралып, арқаны кеңге салғаны сол еді, коронавирус қайта күшіне мінді. Әлемде соңғы бір тәулікте қауіпті кесел 106 мыңнан астам адамға жұққан. Пандемия басталғалы тіркелген рекордық көрсеткішке Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы алаңдап отыр. Халықаралық ұйымның Ресейдегі өкілі Covid-19 вирусының екінші толқыны басталуы мүмкін деп дабыл қақты.

Коронавирустың бірінші толқыны жүрген елдердің барлығында екіншісі де болуы мүмкін. Халық қауіптің әлі сейілмегенін түсінуі тиіс. Карантиндік режимді жеңілдетуге асықпауымыз керек. Шектеу шараларын алып тастасақ, адам өлімі көбейіп кетуі ықтимал.

Мелита Вуйнович, ДДСҰ Ресейдегі өкілі:

- Бірақ карантиннен жалыққан жұртты тоқтату қиынға соғатын сыңайлы. Оған қоса тіршілігі тұралап шығынға батқан салалардың жұмысы енді ғана жандана бастады. Осы орайда шекарасын ашып, тәуекелге барып жатқан елдер де жетерлік. Мәселен, Грекия маусымның 15-нен бастап туристерге есігін айқара ашуды жоспарлап отыр. Айта кетейік, аталмыш елде ауру жұқтырғандар 3 мың адамға да жетпеген.

Сүреңсіз статистикада АҚШ-тан кейін Ресей тұр. Ал үштікті Бразилия түйіндеген. Сарапшылар Латын Америкасы нағыз ауру ошағына айналуы мүмкін деген болжам жасады. Соңғы мәліметке сүйенсек, әлемде коронавируске шалдыққандар саны 5 миллионнан асса, аты жаман аурудан ажал құшқандар 330 мыңға жуықтаған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде