{metadescription}
БҚО-да браконьерлерден 434 ақбөкеннің мүйізі тәркіленді
БҚО-да браконьерлерден 434 ақбөкеннің мүйізі тәркіленді

БҚО-да браконьерлерден 434 ақбөкеннің мүйізі тәркіленді

Батыс Қазақстан облысында браконьерлерден 434 дана ақбөкеннің мүйізі тәркіленді. Осыған байланысты 4 күдікті ұсталып, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Қолға түскен азаматтар – облыс тұрғындары. Олардан жол талғамайтын 2 автокөлік, 5 аңшы мылтығы, 200-ден астам әртүрлі калибрлі оқ-дәрілер, дүрбі мен GPS навигаторы тәркіленді. Күдіктілер тұратын жер үйлердің бірін тінту кезінде 1 миллион теңге көлемінде ақша табылған. Қазір ұсталған адамдардың осыған ұқсас өзге де қылмысқа қатысы бар-жоғы тексерілуде. Табиғат қаскөйлерінің Қызыл кітапқа енген жануарды қырғаны дәлелденсе, бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Мейірболат Мәмбетов, БҚО ПД криминалдық полиция басқармасының бөлім бастығы:

- Қылмыскерлердің әрекеті ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабы, 1-бөлігі, 1-тармағымен сараланып отыр және аталған тұлғалар Орал қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде