{metadescription}
«SK Petroleum» жарты миллиард теңгенің шикі мұнайын, сатпақ болған 
«SK Petroleum» жарты миллиард теңгенің шикі мұнайын, сатпақ болған 

«SK Petroleum» жарты миллиард теңгенің шикі мұнайын, сатпақ болған 

Маңғыстауда мұнай ұрлаған! Заңсыз олжаға кенелмек болғандар «Солтүстік Қарамандыбас» кенішінен жарты миллиард теңгенің шикі мұнайын көрші облыстағы кен өңдеу зауытына сатпақ болған.

Ұры алыстан келмепті. Тегін мұнайды май-шелпекке айналдырмақ болған – бұған дейін осы кеніште жұмыс істеген «SK Petroleum» серіктестігі. Ол компанияның кен өндіруге келісім шарты 9 ай бұрын аяқталып, келісімде көрсетілген талаптардың орындалмауы себепті ұзартылмаған екен. Соған қарамастан кеніштегі қара алтынды заңсыз өндіруін жалғастыра берген. «Жаңаөзен »мұнай  базасына олар 3367 тонна мұнай құйып үлгеріпті.

Бақытбек Құлжанбеков, Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті басшысының орынбасары:

- Келісім-шарт мерзімі аяқталғанын біле тұра, «SK Petroleum» серіктестігі заңсыз әрекетке көшкен. Тіпті басқа компанияға жарты миллиард теңгенің шикі мұнайын сатуға келісім жасап үлгерген. Қазір экономикалық қылмыс бойынша іс қозғалып, тергеліп бітті. Олар 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде