{metadescription}
Бес ауылдан 11 миллион 633 мың литр су шығарылды – Мақтаарал
Бес ауылдан 11 миллион 633 мың литр су шығарылды – Мақтаарал

Бес ауылдан 11 миллион 633 мың литр су шығарылды – Мақтаарал

Түркістан облысының Мақтаарал ауданындағы сел басқан ауылдарда су қалған жоқ. Зардап шеккен бес ауылда күндіз-түні жұмыс істеген мамандар 11 миллион 633 мың литр су шығардық деп есеп берді. Теңізге айналған қызыл судан құтылуға олар үш апта уақыт жұмсаған.

Ерік Сарыбаев, Түркістан облыстық ТЖД бастығының орынбасары:

Бүгінгі күні 5 зардап шеккен елді мекендердің ешқайсында су басқан үйлер мен аула қалған жоқ. Аталған жұмыстарға негізінен Ішкі істер министрлігі, Қорғаныс министрлігі, жергілікті атқарушы органдардың күш пен құралдары жұмылдырылды. Су басқан жерлерде өлексе мал қалған жоқ. Барлығы – 931 мал жиналып, залалсыздандырылып өртелген.

Қызыл судан құтылу үшін күндіз-түні 1200-ден астам адам, 200-ге жуық техника мен 188 су сорғысы жұмыс істепті. Жеңіс, Өргебас, Фирдауси, Жаңатұрмыс пен Достық ауылдарында залалсыздандыру жұмыстары да аяқталды. Бес ауылда нақты қанша үйдің бұзылғаны және қайта салынатынын анықтап жатыр. Ал, су кеткен соң үйіне қайтқан тұрғындар ауласын күл-қоқыстан тазартып, қора-қопсыны ретке келтіріп жатыр. Өргебас пен Фирдауси ауылының тұрғындары ешқайда көшірілмейтін болды. Мұндағы жұрт су шайған үйлерінің құрылысын өзі жүргізбек. Ал өтемақы Үкімет резервінен кезең-кезеңімен түсуі тиіс.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде