{metadescription}
Алматыда 20-дан аса үлескерді қан қақсатқан мердігерлерге қылмыстық іс қозғалды  
Алматыда 20-дан аса үлескерді қан қақсатқан мердігерлерге қылмыстық іс қозғалды  

Алматыда 20-дан аса үлескерді қан қақсатқан мердігерлерге қылмыстық іс қозғалды  

Алматыда 20-дан аса үлескер үйлерінің алдында наразылық білдірді. Баспана алу үшін жалпы 200 миллионға жуық теңге құйған олар былтырдан бері дайын тұрған пәтеріне кіре алмай жүр. Өздері анықтағандай, мердігер компания пәтерлерін үстінен тағы өзге адамдарға сатып жатқан көрінеді. Ал үй иелерінен ақша алмағанын айтқан басшы барлық кінәні есепшісіне ысырып, өзі төбе көрсетпей қойған.

Бұл адамдар жаңа үйінде қоныс тойын тойлаймыз деген қуанышы арманға айнала ма деп алаңдайды. Өйткені үйдің құрылысы аяқталса да, кілті әлі қолына тимеген. Тіпті жауапты компания ғаламторға пәтерлердің сатылатыны жайында хабарландыру беріп қойыпты. Ал үлескерлерді танымайтынын айтқан.

Ләйлә Жасақбаева, Алматы қаласының тұрғыны:

- Константин Леонидовичке наурыз айында хабарласқан кезде, ол «мамырға дейін тосыңыз» деп айтты. Содан соң 30-маусымда қайта хабарласқан кезде, ол сөйлеспей қойды. Қатты-қатты сөйлеп, «маған звондамаңыз» деп ұрысып, «мен ештеңе білмеймін, ешқандай ақша көрген жоқпын» дегеннен кейін амал жоқ, Бостандық ІІБ-на шағым жаздым.  

Даулы баспана. Іргетасы 2017 жылы қаланған алты қабатты екі үйдің қазір 90 пайызы дайын. Мұнда 80-ге жуық пәтер бар екен. «Ішіне мүлдем кіріп көрмедік» деген үлескерлер жыл бойына құлып ілініп тұрғанын айтады.

Үш жылдың ішінде құрылыс компаниясы ауысып үлгерген. Алғашқыда «Алатау энерго құрылыс» деп аталған, кейіннен «АКЕМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі болып өзгеріпті. Бірақ үлескерлердің айтуынша, басшысы – бір адам. Олар тіпті пәтер құнын 100 пайыз жинап алған. Бүгінге дейін бар тапқан-таянғанын осында құйғандар «енді екі есе шығынға баттық» деп отыр.

Ғалым Мұхиденов, Алматы қаласының тұрғыны:

- 6 миллион 730 мың теңге құйдым. Жұмыс істеп тапқан ақшамызды осы жаңа салынған үйге салдық. Енді қазір не пәтер жоқ, не үй жоқ, біз пәтерді жалдап тұрып жатырмыз. Ақшамызды қайтармайды.

Мұндағылар бір-бірін жергілікті орындарға арызданып барғанда жолықтырған. Жалпы құйған ақшасын есептегенде 20 шақты адамның өзі 200 миллионнан аса теңге жинап беріпті. Ал құрылыс компаниясының басшысы «кінәлі» деген бұрыңғы есепші халықтың алдында ақталып әлек.

Карина Үсенова, есепші:

- Мен 2017 жылдың наурыз айынан бастап офис-менеджері, яғни есепші болып жұмыс істедім. Ол кезде компания басшысының бұған дейінде қарызы көп болған. Сол себепті халықтан ақшаны қолма-қол қабылдадық. Алайда барлығын өзі алып отырды. Оған өзге қызметкерлер де куә. Тіпті барлық құжатта сол кісінің қолы мен сол компанияның мөрі бар.

Күндіз төбе көрсеткен компания басшысы журналистерді көріп тұра қашты. Енді үлескерлер жұрттың ақшасын қалтасына басқан мердігердің жауапқа тартылғанын қалайды.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық ПД ресми өкілі:

- Қылмыстық кодекстің 190-бабының 4-тармағы бойынша, яғни аса ірі көлемде жасалған алаяқтық дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тараптар сұраққа алынды. Қазір қылмыстық іс жүргізілу кодексімен көзделген барлық тергеу амалдары жүргізілуде, тиісті сараптамалар тағайындалды.

Баспанасыз қалған үлескерлердің бар қалауы – өз баспанасына кіру. Бірақ бұл түйткілдің түйіні тарқамайынша, олардың қашан қоныс тойын тойлайтыны әзірге белгісіз.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде