{metadescription}
Павлодарда қансорғыштармен күреске бюджеттен 602 миллион қарастырылды
Павлодарда қансорғыштармен күреске бюджеттен 602 миллион қарастырылды

Павлодарда қансорғыштармен күреске бюджеттен 602 миллион қарастырылды

Керекуде шыбын-шіркейді улау жұмыстары басталды. Қансорғыштармен күрес шарасына биыл бюджеттен 602 миллион теңге қарастырылған.

Ал жылда дәл осындай улау шаралары жүргізілгенімен, масаға жем болатын жұрт биылғы жаз мүлде шыбын-шіркейсіз өтеді дегенге сенбейді. Өйткені керекуліктерге дененің ашық жеріне арнайы крем жағып, қолға масаны үркітетін орамал ұстап шығу үйреншікті нәрсеге айналған. Ал күн күрт ысығанда шыбын-шіркейдің қаптайтынын айтқан мамандар бұған жол бермеуге «бар күшімізді саламыз» дейді. Ол үшін бактицид препаратын қолданып жатыр. Дезинфекциялау жұмыстары облыс орталығында ғана емес, Ертіс өзеніне жақын орналасқан 7 ауданда жүргізілмекші.   

Азамат Сәбитов, дезинсекциялаушы компания өкілі: 

- Улау шаралары ғылыми негізде жүргізілуде. Мамандардың алдын ала дайындаған нұсқаулары бар. Бактицид препараты баржа арқылы Ертіс өзеніне құйылып, тасыған сумен жайылады. Алдағы уақытта су жүрмейтін аумақтарда да дезинфекциялау жұмыстары жүргізіледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде