{metadescription}
Демалыс күндері КТК арнасын қарауға түрткі болатын себептер
Демалыс күндері КТК арнасын қарауға түрткі болатын себептер

Демалыс күндері КТК арнасын қарауға түрткі болатын себептер

Карантинді КТК-мен көңілді өткізіңіз! «Үйдегі киносеанс» жобасымен отандық кинотуындылар ұсынуды осы демалыс күндері де жалғастырамыз. Сенбі және жексенбі күндері «Заблудившийся» фильмі, сосын «Ғашық жүрек» картинасының бірден екі бөлімі көрсетіледі.

Карантинге қарамастан, отбасылық киносеансты тегін тамашалау мүмкіндігін жіберіп алмаңыз. Ол үшін демалыс күндері КТК арнасын қарасаңыз болды.

Сенбі күні сағат 17:00-де атақты режиссер Ақан Сатаевтың «Заблудившийся» фильмі көрерменге жол тартады. Картинадағы басты кейіпкер отбасымен жазық  далада көлігімен адасып кетеді. Таңертең ұйқысынан оянған оның жанында әйелі мен баласы жоқ. Ары қарай отағасының осы жағдайдан кейінгі әрекеттері көрсетіледі. 

Андрей Мерзликин, актер:

- Қазақстанға танымал, ең мықты режиссер Ақан Сатаев түсірген фильмнің мен үшін орны ерекше. Барлықтарыңыздың көңілдеріңізден шығатынына сенімдімін. Қиын-қыстау кезде көңіл-күйді түсірмей, қызықты өткізуге тырысыңыздар.

Жексенбіде сағат 16:30-да көрсетілетін «Ғашық жүрек» туындысы әнші болуды армандаған Мөлдір есімді жетім қыз жайында. Ол белгілі қазақ әншісі Мейрамбек Беспаевқа ғашық. Салы суға кетіп, өмірден баз кешіп келе жатқан жез таңдай әншінің алдынан Баян есімді белгілі продюсер шыға келеді. Сөйтіп, өмірі бір сәтте өзгерген Мөлдірдің аңсаған арманы орындалады.

Сағат 18:30-да фильмнің екінші бөлімі басталады. Продюсері Баян Мөлдірмен ұзақ мерзімді келісім-шарт жасасқан. Сөйтіп халықаралық байқауға дайындалып жүрген әншіге сүйіктісі Мейрамбек сөз салады. Екі оттың ортасында қалған Мөлдірдің таңдауы қандай болатынын білгіңіз келсе, жексенбі күні КТК-ны қосыңыз.

Романтикалық комедиядан бастап, отбасылық картиналар, тарихи драмалар. Кинотеатрларда жақында ғана шыққан отандық туындыларымызды тек КТК арнасынан тамашалаңыз, бізбен бірге болыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде