{metadescription}
30 жастағы қыз-келіншектер жатыр мойыны обырына шалдығуда  
30 жастағы қыз-келіншектер жатыр мойыны обырына шалдығуда  

30 жастағы қыз-келіншектер жатыр мойыны обырына шалдығуда  

Отандық онкологтар 9-11 жас аралығындағы қыздарға жатыр мойыны обырына қарсы вакцинаны салдыруға үндеді. Өйткені әйелдер арасында аурудың осы түрі көбейіп барады екен. «Ерте бастан салынған екпе қауіпті дерттің алдын алуға көмектеседі» - деп, мамандар сендіріп отыр.

Вакцинаның өзі «папиллома вирусына қарсы» деп аталады. Зерттеулер көрсеткендей, жатырдың қатерлі ісігіне шалдыққан қыз-келіншектердің бәрінен бірдей осы вирус анықталған. Яғни, қауіпті дерттің басты қоздырғышы осы таяқшалар. Ал екпе тек 9-11 жас аралығындағы қыздарға салынады. Себебі, дәрігерлердің мәліметі бойынша елімізде көп жағдайда 13 жастан бастап қыздар жыныстық қатынасқа түседі. Ал ол кезде вакцина тиімсіз екен. Айта кету керек, екпе тек ата-ананың қалауымен жасалады әрі тегін. «Мәжбүрлеу жоқ» деген дәрігерлер статистиканы алға тартады. Айтуларынша, былтыр 2 мыңға жуық әйелден жатыр мойыны обырымен ауырса, 600-і көз жұмған.

Диляра Қайдарова, ҚР Бас онкологы:

Тексеруге келген әйелдердің кемі біреуінен міндетті түрде жатыр мойыны қатерлі ісігі анықталады. Бұрын 60-тан асқан әйелдер ауыратын. Қазір 30 жастағы қыз-келіншектер осы ауруға шалдығуда. Вакцинадан ат-тонын ала қашатын ата-аналарға айтарымыз, қыздарыңыздың денсаулығын ойланыңыздар. Бұл атүсті қарайтын мәселе емес.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде