{metadescription}
Бұзақылары полицейлерге бет бақтырмайтын өңірлер
Бұзақылары полицейлерге бет бақтырмайтын өңірлер

Бұзақылары полицейлерге бет бақтырмайтын өңірлер

Төтенше жағдай кезінде тұрғындардан теперіш көрген полицейлерге қатысты 460 дерек тіркелген. Көп жағдайда азаматтар карантин талабын бұзып, тәртіп сақшыларының ескертуіне құлақ аспай балағаттап, тіпті қол көтеруге дейін барыпты.

Төтенше жағдайдың тыйымдары әсер етті ме, әлде ел ішіндегі бұзақылардың көбейіп кеткені ме, әйтеуір әмірі жүрмеген полицейлерге әлімжеттік жасағысы келетіндер көбейген. Шу тудырған жағдайдың бірінде, сәуір айының орта кезінде баламен серуендеп жүрген алматылықтар полицейлердің ескертпесін елемей, жаға жыртысқан еді. Мұндай мысалдардың бейнежазбасы әлеуметтік желілерде өріп жүр. Тәртіп сақшысының ескертуін құлағына қыстырмай балағаттап, жағаласқандарға қатысты 460 дерек тіркеліп отыр. Ішкі істер министрлігіндегілер бұзақылары полицейлерге жиі бет бақтырмайтын өңірлерді де атады.

Нұридин Дауылбаев, ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы:

- 262 дерек – полиция қызметкерін қорлау, 99 – полиция қызметкеріне бағынбау, 99 – полиция қызметкерлеріне қарсы күш қолдану бойынша қылмыстық істер қозғалды. Қазір аталмыш істер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Жалпы елімізде Алматы облысы, Нұр-Сұлтан қаласы және Шымкент қаласында ең көп тәртіп бұзу фактілері анықталды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде