{metadescription}
Жәрдемақысыз, жұмыссыз жүргендерге жұмыспен қамтудың электронды үлгісі жарияланды
Жәрдемақысыз, жұмыссыз жүргендерге жұмыспен қамтудың электронды үлгісі жарияланды

Жәрдемақысыз, жұмыссыз жүргендерге жұмыспен қамтудың электронды үлгісі жарияланды

«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының қалай жүзеге асырылатыны белгілі болды. Бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдері оны тәптіштеп түсіндіріп берді. Бұдан былай, жұмыс іздеген адам құжаттарын арқалап, мемлекеттік мекемелердің есігін тоздырып жүрмейді. Жалақысы лайықты жұмыс іздеу немесе курс оқуға өтініш берудің барлығы енді электронды түрде өтеді. Әркім үйінде отырып-ақ интернеттен көре алады. Еңбек нарығындағы жаңашылдық.  

Әлібек Ахмадиев – не 42500 теңге жәрдемақы ала алмай, не тұрақты жұмыс таба алмай жүрген жандардың бірі. Аяғы жарақаттанып, соның кесірінен бұрынғы істеп жүрген жұмысына жарамай қалған. Сөйтіп жұмыссыз ретінде мемлекеттік жәрдемақыға өтініш берейін десе, онда «жұмыссыз» деген санат қарастырылмапты.

Әлібек Ахмадиев, Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны:

- Сайтқа кірсем, оларда тек 2 санат бар. Қандай? Біріншіөзін жұмыспен қамтитындар, екіншісі – төтенше жағдай, жеке кәсіпкер, ЖШС жұмысшысы. Мен олардың ешқайсысына жатпаймын. Сондықтан жұмыссыздық санатын таба алмадым. Сондықтан өтініш жібере алмадым

Жұмыссыз ретінде еңбек биржасына тіркелген 56 жастағы кісіге мемлекет екі айда бар-жоғы 5 мың теңге беріпті. Оның себебі, жұмыссыз қалғандардың соңғы екі жылдағы табысының орташа мөлшері алынады да, соның 40 пайызы төленіп отырады. Олар бұрыннан солай алып келе жатқандықтан, 42500 оларға қарастырылмайды екен.

Гүлбағила Болатбекова, «Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры» АҚ әлеуметпен байланыс департаментінің директоры:

- Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің №110-бұйрығы бар. Ол 26-наурызда бекітілген. Сол бұйрық бойынша егер азамат жәрдемақы алатын болса немесе біздің әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер алатын болса, онда ол азаматтар кірісінен айрылмаған болып саналады да, оларға 42500 теңге тағайындалмайды.

Мемлекеттен мардымды жәрдемақы ала алмай, не жөні түзу жұмыс таба алмай жүрген азаматтарға енді Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыспен қамтудың электронды үлгісін жариялап отыр. Ол үшін «Enbek.kz» сайтына кіріп, қалаған мамандығыңыз бойынша бос жұмыс орнын таңдауға немесе сол мамандық бойынша түйіндемеңізді қалдыруға болады. Ал онда қандай бос жұмыс орындары және жалақысы қанша екені көрініп тұрады.

Үсен Ғалым, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің департамент директоры:

- Бұрын соңғы шешім мемлекеттік мекеме қызметкерінің қолында болатын. Ал қызметкер араласқан жерде парақорлық болмай тұрмайды. Бұл мәселені шешу үшін, оның үстіне қазіргі жағдай бойынша адамдардың жақын қарым-қатынасын болдырмас үшін бұл шаруаның бәрін автоматтандыру ұсынылды. Енді автоматты жүйе өз бетінше шешім қабылдайды.

Жұмыс іздегендерге сайтта 10-нан астам сала ұсынылады. Ал өз мамандығы бойынша сайттан жұмыс таба алмағандар қысқа мерзімдік оқу оқып, басқа мамандықты игеруіне болады.

Ондай курстар ары кетсе 6 айға дейін созылады. Қысқа мерзімдік курс оқитындарға өңірдегілерге ай сайын 11 мың, ал Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен Атырау және Маңғыстау облыстарында 27 780 теңгеден беріліп отырады. Бұларға қосымша, медициналық тексерістер үшін беріліп тұратын 5 жарым мың теңгесі және бар.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде