{metadescription}
Ұйымдасқан қылмыстық топ бюджеттің 1 миллиард 800 миллионын жымқырған
Ұйымдасқан қылмыстық топ бюджеттің 1 миллиард 800 миллионын жымқырған

Ұйымдасқан қылмыстық топ бюджеттің 1 миллиард 800 миллионын жымқырған

Нұр-Сұлтан қаласында коммуналдық кәсіпорынның бұрынғы қызметкерлері ұйымдасып қылмыстық топ құрған. Келтірген шығындары да орасан.

Экономикалық тергеу департаменті ел астанасындағы коммуналдық кәсіпорынның бұрынғы қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жайлы мәліметті жария етті. «Қазына» жедел алдын алу шарасының аясында ұйымдасқан қылмыстық топтың 1 миллиард 800 миллион теңгені жымқырғаны әшкереленген. Ал жылмысқы әрекеттерін 7 жыл бойы жалғастырыпты. Яғни 2012-2019 жылдар аралығында бюджет қаржысын талан-таражға салған. Жымқырған қаржыны заң бойынша рәсімдеп, айналымға жіберіп үлгерген екен. Бірақ қалған деректер Қылмыстық іс жүргізу кодексі бойынша жарияланбайтын болып отыр.

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті:

- Қылмыстық кодекстің  «Аса ірі көлемде қаржы жымқыру», «Қылмыстық жолмен табылған мүлікті заңдастыру», сондай-ақ «Қылмыстық топ құру және басқару» бабымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде