{metadescription}
Жоғалған сәбидің өлі денесі кәріз құдығынан табылды – Атырау
Жоғалған сәбидің өлі денесі кәріз құдығынан табылды – Атырау

Жоғалған сәбидің өлі денесі кәріз құдығынан табылды – Атырау

Атырауда екі тәулік бойы ізделген бір жарым жастағы баланың денесі бүгін өз үйінің ауласындағы кәріз құдығынан табылды. Үйдің ауласында бірі ескі, бірі жаңа – екі құдық болған. Баланың өлі денесі пайдаланусыз тұрған шұңқырдың ішінен шықты.

Алдында бір емес, бірнеше мәрте қаралған құдықты түгел аршуға ешкім мән бермеген. Жақындары үйдің айналасын «түгел тінтіп шықтық» деген соң, құтқарушылар да үйдегі ескі құдықты тексеріп көрмепті. Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері екі күн бойы адам аяғы жетер жердің бәрін шарлап шыққан соң, кеше кешкісін жақын маңдағы құдықтардың барлығының суын сорып, бетін ашып қарауды бастаған болатын. Жұрт ойлағандай, Әли алысқа кетпеген екен. Мәйіті өз шарбағының ішіндегі құдықтан шықты. Еріктілердің арасында «бұл мүмкін емес» деушілер де бар. Алайда қайғылы оқиғаның мән-жайы сараптама қорытындысы шыққаннан кейін белгілі болады.     

Әділхан Байдосов, Атырау облыстық ПД бастығының орынбасары:

- Өкініштісі, бүгін Әлидің өлі денесі табылды, ауласындағы септиктен. Қазір оқиға орнында жедел тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр. Нәтижесі хабарланады. Барлық медициналық-сот сараптамалар өткізіледі.   

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде