{metadescription}
Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан
Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы бұлаққа талас төбелеске ұласқан

Өзбек-қырғыз шекарасындағы шиеленісті екі елдің құзырлы органдары бірлесіп тергейтін болды. Қос мемлекеттің үкіметі осындай келісімге келді. Шекаралық аймақтағы қақтығысқа кінәлілер заң аясында жазаланады.

Кеше Қырғызстанның Баткен облысында Чечме және Чашма ауылдарының тұрғындары жаппай төбелескен. Тіпті қос тарап бір-біріне тас лақтырып, үйлерін өртеп жіберген. Текетірестің туындауына бұлақ басындағы кикілжің себеп болыпты. Яғни ауылы аралас, қойы қоралас жатқан қос елді мекеннің тұрғындары Чечме ауылындағы ауыз су қайнарын тазалауға шыққан. Осы кезде Қырғыздар мен өзбектер арасында жанжал шығып, арты жаппай төбелеске ұласқан. Салдарынан ондаған адам жарақаттанды. Оқиға орнына тәртіп сақшылары тартылып, төбелес тек кеш қарая тоқтады.

Өзбекстанның Сох ауданына қарайтын Чашма ауылы қырғыз жеріндегі анклав болып тұр. Сондықтан жергілікті тұрғындар арасында мұндай жанжал жиі туындайды.

Акрам Мадумаров, Қырғызстан премьер-министрінің орынбасары:

Жыл сайын Чечме ауылындағы бұлақтың көзін ашуға екі ауыл тұрғындары жиналатын. Өйткені қос елді мекен де осы жерден су ішіп отыр. Биылғы тазалық кезінде «бұлақ біздікі» депекі жақ тайталасып қалған. Соңы төбелеске ұласты. Алайда біз жағдайдың шиеленісуіне жол бермейміз. Барлығы заң аясында шешіледі.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.